Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін
Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың 2021 жылғы 3 желтоқсандағы халықаралық инвестициялық компаниялар өкілдерімен сөйлеген сөзінен:

«Қазіргі уақытта Қазақстан экономикасының мұнай-газ, энергетика, инфрақұрылым және басқа да салаларында 700-ден астам мемлекеттік кәсіпорынды жекешелендіру бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Біз ірі компаниялардың акцияларының ұлттық қор биржаларында тіркелгенін құп көреміз».

Қазақстан Республикасының Президенті Қ. К. Тоқаевтың 2021 жылғы 11 ақпандағы Samruk Business Forum отандық кәсіпкерлерді қолдау форумында сөйлеген сөзінен:

Мемлекет меншігінен шығару саясатының үш негізгі қағидаты:

Бірінші, жекешелендіру жеке монополистердің пайда болуына жол бермеуге тиіс. Өкінішке қарай, бізде инфрақұрылымның негізгі нысандарын тиімсіз жекешелендіру деректері бар. Мемлекеттің экономикалық мүддесіне нұқсан келтіретін орынсыз жекешелендірулерге жол беруге болмайды. Бұған Үкімет пен қор жауапты.

Екінші, активтерді жекеге сату бюджетке түсетін салмақты азайтуға септігін тигізуі қажет.

Үшінші, жекешелендірудің нақты экономикалық қайтарымы болуы тиіс. Кез келген кәсіпорынды жекешелендіруді оның тиімділігін жақсарту, ұлттық экономикаға қосатын үлесін арттыру деп түсіну керек.

Қазақстан Республикасының Президенті Қ. К. Тоқаевтың 2022 жылғы 27 маусымындағы «Астана» Халықаралық қаржы орталығын басқару жөніндегі кеңестің отырысында сөйлеген сөзінен:

«Еліміздің қарапайым азаматтары Ұлттық компаниялардың акцияларын иеленуге және салымдарынан өз дивиденттерін алуға мүмкіндігі болуға тиіс. Дәл осындай жолмен халықтың инвестициялық мәдениеті қалыптасады. IPO-ға қатысу Қазақстанның барлық тұрғыны үшін қолжетімді болуы қажет. Ол үшін қағазбастылық пен бюрократияны болдырмайтын жаңа цифрлық шешімдер керек».