Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін
Өріктау

Өріктау
Орналасқан жері
Ақтөбе облысы
Іске асыру мерзімдері
2008-2024 жылдар
Қатысушылар
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (100%)
Ағымдағы жағдайы
Іске асырылуда
Негізгі көрсеткіштер
  • 101
    мұнай мен конденсат, жылына мың тонна
  • 69.9
    инвестиция, млрд теңге
  • 121
    құрылыс кезеңінде 121 жаңа жұмыс орны
  • 153
    пайдалану кезеңінде 153жаңа жұмыс орны
«Өріктау Оперейтинг» ЖШС Орталық Өріктау мен «Шығыс Өріктау» кен орындарында №2882 КСШ барлау және өндіруге арналған келісімшартқа сәйкес көмірсутек шикізатын (мұнай, табиғи газ, конденсат) барлайды және өндіреді.
Орталық және Шығыс Өріктау объектілері технологиялық жағынан өзара байланысты, сондықтан Орталық Өріктау іске қосылғаннан кейін учаскелерде ортақ инфрақұрылым объектілері пайдаланылатын болады.
Өріктау кен орнын толық көлемде игеру мақсатында «Өріктау Оперейтинг» ЖШС пен «ҚМГ Инжиниринг» ЖШС (ҚМГ 100% еншілес ұйымы) бірлесіп, «Өріктау» жобасын дамытудың тұжырымдамасын әзірлеуде.

Кен орнын игеру екі фаза бойынша жүзеге асырылады:

1-фаза – Шығыс Өріктау» мұнай кен орнын игеруді қамтиды.

Шығыс Өріктау бойынша екі ұңғыма пайдалануға берілгеннен бері 96 мың тонна мұнай өндірілді. Қазіргі уақытта жоспарланған алты ұңғыманың бесеуі бұрғыланды. Шығыс Өріктаудың барлық алты ұңғымасы іске қосылғаннан кейін жылына 101 мың тонна көлемінде мұнай өндірудің жобалық денгейіне қол жеткізу жоспарлануда.

2-фаза – Шығыс және Орталық Өріктау учаскелерін қамтитын Өріктау кен орнын толық көлемде игеруді көздейді.

Кен орнын толыққанды дамыту шеңберінде Орталық Өріктау газ кен орны болып, газдың едәуір қорын қамтиды. Осы учаске бойынша жылына 1 млрд. текше метр көлемінде бос және ілеспе газ өндіру, сондай-ақ жылына 209 мың тонна көлемінде мұнай мен конденсат өндіру жоспарлануда.


Баспасөз-релиздер
Барлық жаналықтар