Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін
Жаңаөзен қаласында жаңа газ өңдеу зауытын салу

Жаңаөзен қаласында жаңа газ өңдеу зауытын салу
Орналасқан жері
Маңғыстау облысы
Іске асыру мерзімдері
2021-2025 жылдар
Қатысушылар
«ҚазГӨЗ» ЖШС (100%)
Ағымдағы жағдайы
Жобаның алдын ала FEED және ТЭН әзірленді, «Самұрық-Қазына» АҚ (бұдан әрі – Қор) кепілдігімен Қазақстан Халық банкінен кредит желісі ашылды. Қазіргі кезде Қордың сатып алу рәсіміне сәйкес жобалық нысандарды салу үшін жеткізушілердің біліктілігін алдын ала іріктеу рәсімі жүргізілуде.
Негізгі көрсеткіштер
  • 900
    ілеспе мұнай және табиғи газ, млн м3 / жыл
  • 167.6
    инвестиция, млрд теңге
  • 300
    жаңа жұмыс орны құрылыс кезеңінде
«ҚазГӨЗ» ЖШС газ өңдеу зауытын 1973 жылдан бері пайдалануда. Қазіргі уақытта технологиялық жабдықтың жоғары деңгейде тозуы (90%-тен астам) және нормативтен тыс пайдаланылу салдарынан қолданыстағы жұмыс істеп тұрған ҚазГӨЗ зауытын толық тоқтату тәуекелі бар, бұл газды өңдеуге жеткізетін жер қойнауын пайдаланушылардың мұнай және газ өндіру объектілерін толық тоқтату түріндегі салдарға, тауарлық (құрғақ) газ және СМГ (сұйытылған мұнай газы) тапшылығына әкеп соғады.
Ескі ГӨЗ-дің орнына жаңасын салу Маңғыстау облысының тұрғындары мен өнеркәсіптік кәсіпорындарын өнеркәсіптік және әлеуметтік маңызы бар газ өңдеу өнімдерімен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Мыналар жобаның негізгі міндеттері болып табылады:
   - Өнеркәсіптік, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қауіпсіздік техникасы, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау стандарттарының талаптарын сақтау;
   - Маңғыстау өңірінің мұнай өндіруші активтерінің олар өндіретін ілеспе мұнай мен табиғи газды кәдеге жарату арқылы одан әрі тұрақты жұмысын қамтамасыз ету;
   - Ұзақ мерзімді перспективада зауыттың жоғары тиімді және табысты жұмысы.

Жаңа ГӨЗ-де құрғақ тауарлық газды, сұйытылған мұнай газын және пентан-гексан фракциясын өндіру жоспарлануда.
«Өзенмұнайгаз» АҚ, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ, «Tenge Oil & Gas» ЖШС мен «Тасболат Ойл Корпорэйшн» ЖШС ГӨЗ-ге шикізат жеткізушілер болып табылады

Баспасөз-релиздер
Барлық жаналықтар