Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін
ҚР МӨЗ цифрлық бас жоспары мен 3D моделін құру

Жоба кәсіпорынның "цифрлық егізін" негізі ретінде дәлдігі жоғары МӨЗ-дің цифрлық бас жоспарын құруды көздеді.

ҚР МӨЗ цифрлық бас жоспары мен 3D моделін құру
Орналасқан жері
Павлодар, Атырау
Іске асыру мерзімдері
2020-2021
Қатысушылар
ПМХЗ, АМӨЗ
Ағымдағы жағдайы
Аяқталды
Жоба қорытындылары бойынша келесі мақсаттарға қол жеткізілді:
-    барлық нысандарды лазерлік сканерлеу;  
-    МӨЗ техникалық құжаттамасын цифрландыру;
-    нүктелік бұлттар негізінде зауыттардың сандық 3D моделін құру;
-    «Цифрлық бас жоспар» бағдарламалық кешенін енгізу (инженерлік деректерді сақтауға, оларды талдауға, өңдеуге, көзбен шолып көрсетуге арналған көпфункциялы ақпараттық жүйе).

Жобаның сапалық пайдасы - қайта жаңарту мен даму жобалары бойынша жобалау процестерінің мерзімдерін азайту; объектінің қауіпсіздігін және апатсыз пайдаланылуын арттыру, зауыт мамандарының техникалық сауаттылығын арттыру.
Цифрлық бас жоспарды енгізу жүйе пайдаланушыларына өндірістік активтер туралы өзекті ақпарат алуға, жобалауға кететін уақыт пен шығындарды қысқартуға, өндірістік қауіпсіздік пен активтердің сенімділігін арттыруға мүмкіндік берді.
Баспасөз-релиздер
Барлық жаналықтар