
-
160қысқы дизель отыны, жылына мың тонна
-
36.9инвестиция, млрд теңге
-
118құрылыс кезеңінде 118 жаңа жұмыс орны
-
6пайдалану кезеңінде 6 жаңа жұмыс орны
Жоба минус 28℃ ауа температурасына дейін бұлыңғыр тартпайтын қысқы дизель отынын алу (бұлыңғырлану көрсеткішін 20℃-қа жақсарту), ашық түсті мұнай өнімдерінің өндірісін ұлғайту, Қазақстанның солтүстік және шығыс өңірлердің қысқы дизель отыны импортын жабу және өндіріс желісін сәйкестікке келтіру (мұнай өнімдерінің негізгі жиынтығы) мақсатында жүзеге асырылуда. Жобаны іске асырудың алғышарттары – депарафиндеу технологиясын пайдаланбай, дизель отынын гидротазарту қондырғысының қолданыстағы конфигурациясы жағдайында қысқы дизель отынын өндіру мүмкіндігінің болмауы және Қазақстанның солтүстік пен шығыс өңірлеріне қысқы дизель отынының жыл сайынғы импорты.
•Қысқы дизель отыны бөлігінде елдің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету
•Қысқы дизель отынының сапасын 3-санатқа дейін жақсарту
•Импортты ішінара алмастыру және мұнайды өңдеуге берушілердің нақты сұранысы
Жобаны іске асыру кезінде Kinetics Technology компаниясының технологиясын қолдану жоспарлануда.