Қарашығанақ кен орнында өндіру деңгейін сақтау жобалары

Орналасқан жері
Батыс Қазақстан облысы
Іске асыру мерзімдері
2018-2025 жылдар
Қатысушылар
ҚазМұнайГаз (10%), Eni (29,25%), Shell (29,25%), Chevron (18%), Lukoil (13,5%).
Ағымдағы жағдайы
Іске асырылуда
Негізгі көрсеткіштер
-
11сұйық көмірсутектерді өндіру деңгейін сақтау, жылына млн тонна
-
2.4инвестиция, млрд АҚШ доллары
-
2600құрылыс кезеңінде 2600 жаңа жұмыс орны KEP-1А
-
124пайдалану кезеңінде 124 жаңа жұмыс орнын
Қарашығанақ кен орны - Қазақстанның солтүстік-батысында, Ақсай қаласының маңында орналасқан және 280 шаршы шақырымнан астам аумақты алып жатқан әлемдегі ең ірі мұнай-газ кен орындарының бірі. Кен орны 1979 жылы ашылғы, алғашқы өнімі 1984 жылы қарашада КСРО-да әзірленген шектеулі тәжірибелік өнеркәсіптік тәсілмен алынды.@Бүгінгі күні Қарашығанақ кен орнында сұйық көмірсутекті өндіру деңгейін жылына 10-11 млн. тонна деңгейінде ұстап тұруға бағытталған, газды қабатқа дайындау және кері айдау жөніндегі қолданыстағы жүйелерді кеңейту, жаңа өндіруші және айдаушы ұңғымаларды бұрғылау арқылы бірқатар жоба іске асырылуда.
2021-2022 жылдары екі жоба аяқталды: «Газ бойынша өндірістік шектеулерді алу» жобасы (KGDBN) және «Газды кері айдаудың 4-ші компрессоры» жобасы (4ICP). Аяқталған жобалардың жалпы инвестициясы $1,5 млрд АҚШ доллар құрады.
2021-2022 жылдары екі жоба аяқталды: «Газ бойынша өндірістік шектеулерді алу» жобасы (KGDBN) және «Газды кері айдаудың 4-ші компрессоры» жобасы (4ICP). Аяқталған жобалардың жалпы инвестициясы $1,5 млрд АҚШ доллар құрады.
Қазіргі уақытта Қарашығанақ кен орнының операторы «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б.В.» компаниясы мына жобаларды жүзеге асыруда:
«Газды кері айдаудың 5-ші компрессоры» жобасы (KEP-1А немесе 5ICP)
- Жобаның құны $970 млн, қосымша өндіру - 7,1 млн тонна.
- Жоба «Іске асыру» сатысында.
- 5-ші компрессорды іске қосу 2025 жылдың 4-ші тоқсанында жоспарланған.
«Газды кері айдаудың 6-шы компрессоры» жобасы (KEP-1B немесе 6ICP)
-2022 жылдың қарашасында «Газды кері айдаудың 6-шы компрессоры» жобасы бойынша инвестициялық шешім (FID) қабылданды.
-Жобаның құны $735 млн, қосымша өндіріс 5,8 млн тоннаны құрайды.
-6-шы компрессорды іске қосу 2028 жылдың 1 тоқсанына жоспарланған.
Баспасөз-релиздер
Барлық жаналықтар
09.12.2023
Баспасөз-релиздер
08.12.2023
07.12.2023
Баспасөз-релиздер
06.12.2023
Баспасөз-релиздер
05.12.2023
05.12.2023