Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін
БҰҰ Жаһандық шарты

2006 жылдан бастап ҚМГ БҰҰ ЖШ мүшесі және белсенді қатысушысы болып табылады және он қағидатына және 17 ОДМ-ға адалдығын қолдайды.

Компанияның орнықты дамуы туралы жыл сайынғы есеп БҰҰ Жаһандық шарты шеңберіндегі ілгерілеу туралы біздің хабарламамыз болып табылады және сайтында қолжетімдi.
Тұрақты даму саласындағы халықаралық бастамаларды басшылыққа ала отырып, ҚМГ БҰҰ Жаһандық шартының қағидаттарын ұстанады және орнықты даму мақсаттарын  өз қызметіне интеграциялайды.

Адам құқықтары, еңбек қатынастары, қоршаған ортаны қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы Ғаламдық шарттың он қағидатында жалпыға бірдей ымыра қолданылған және олар мыналардың негізінде құрылған:
– Жалпыға бірдей адам құқығы декларациясы
– Халықаралық еңбек ұйымының Өндірістегі негіз қалаушы қағидаттар мен құқықтар туралы декларациясы
– Қоршаған орта және даму жөніндегі Рио-де-Жанейро декларациясы
– БҰҰ-ның сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясы