Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін
Біздің тұрақты даму жолындағы қадамымыз

ҚМГ өзінің даму стратегиясында орнықты даму қағидаттарын негізгі бизнес-процестерге, операциялық қызметке және шешімдер қабылдау процестеріне интеграциялауға бағытталған стратегиялық мақсаттардың бірі ретінде өндірістің көміртекті сыйымдылығын тұрақты дамытуды және үдемелі азайтуды айқындады.

Тұрақты даму және өндірістің көміртегі сыйымдылығын төмендету жөніндегі стратегиялық мақсатты іске асыру нәтижесі жоғары ESG көрсеткіштеріне қол жеткізуді, мүдделі тараптармен өзара қарым-қатынас сапасын жақсартуды, көміртекті реттеуді қатаңдату шеңберінде парниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі ісшараларды іске асыру.

ҚМГ алдында ұлттық және халықаралық көміртекті реттеудің компания қызметіне әсерін ескере отырып, ҚМГ өнімдерінің көміртегі ізі мен көміртегі сыйымдылығын төмендету әлеуетін айқындау және кейіннен көміртексіздендіру жобаларының оңтайлы жиынтығы арқылы көміртегі сыйымдылығын төмендету бойынша мақсаттар белгілеу жөніндегі маңызды міндет тұр.

Біз ESG критерийлерін компанияның қызметіне біріктіруді жалғастырамыз, бұл орнықты даму көрсеткіштерін басқару жүйесін жетілдірудің және негізгі ESG-тәуекелдер мен мүмкіндіктерді түсінудің қажетті шарты болып табылады.