Өндірістік экологиялық бақылау
Өндірістік экологиялық бақылау шеңберінде қоршаған ортаға бөлінетін эмиссиялар мониторингі мен оның тигізетін әсеріне мониторинг жүргізіледі, олар төмендегілерді қамтиды:
•Атмосфералық ауаға бөлінетін ластағыш заттар шығарындыларын бақылау: азот оксиді, көміртек оксиді, күкірт диоксиді.
•Ластаушы заттар төгінділерінің мониторингі: сульфаттар, хлоридтер, қалқыма заттар, нитраттар, нитриттер, мұнай өнімдері және өзге де ластаушы заттар.
•Радиациялық мониторинг: дозиметриялық және радиометриялық бақылау.
•Санитариялық-қорғау аймақтарының шекараларындағы атмосфералық ауаның мониторингі: күкіртті сутек, көмірсутектер, азот оксидтері, көміртегі оксиді, күкірт диоксиді.
•Су ресурстарының мониторингі: сульфаттар, хлоридтер, қалқыма заттар, нитраттар, нитриттер, мұнай өнімдері және өзге де ластаушы заттар.
• Топырақ жабынының мониторингі: металдар, сульфаттар, хлоридтер мен басқа да ластаушы заттар.
Өндірістік экологиялық бақылау нәтижелері бойынша барлық есептілік бірыңғай экологиялық порталда жарияланады
«Қазтрансойл» АҚ
«Өзенмұнайгаз» АҚ
«МаңғыстауМұнайГаз» АҚ
«Қаражанбасмұнай» АҚ
«Ембімұнайгаз» АҚ
«ҚазақТүрікМұнай» ЖШС
«Қазақойл Ақтөбе» ЖШС
«Қазгермұнай» БК» ЖШС