Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін
Ішкі басқару жүйесі

Ішкі бақылау жүйесі (ІБЖ) КТБЖ-нің ажырамас бөлігі болып табылады. ІБЖ-сі COSO үлгісін пайдаланады және өзара байланысты бес құрамдас бөлікті қамтиды: бақылау ортасы, тәуекелді бағалау, бақылау процедуралары, ақпарат және коммуникациялар және мониторинг. ҚМГ мен ЕТҰ мақсаттарына үш негізгі бағыт бойынша қол жеткізілетіндігіне негізді кепілдік беруге бағытталған ІБЖ енгізуде:
• операциялық қызметтің тиімділігін арттыру;
• толық және сенімді қаржылық есептілікті дайындау;
• Қазақстан Республикасы заңнамасының және ҚМГ ішкі құжаттарының талаптарын сақтау.

ІБЖ – бизнес-процестерді талдауға, ҚМГ қызметіне тән процесс деңгейіндегі тәуекелдерді уақтылы анықтауға және талдауға, сондай-ақ осы тәуекелдерді басқару үшін бақылау рәсімдерін анықтауға және талдауға бағытталған.

graphic
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ ішкі бақылау жүйесінің саясаты ішкі бақылау жүйесінің (ІБЖ) қолданылу аясын, мақсаттарын, жұмыс істеу қағидаттары мен компоненттерін белгілейді, бизнес-процестерді талдауға, ҚМГ қызметіне тән процестік деңгейдегі тәуекелдерді уақытылы анықтауға және талдауға, сондай-ақ осы тәуекелдерді басқару жөніндегі бақылау рәсімдерін белгілеуге және талдауға бағытталған.