1984 жылы 22 қыркүйекте дүниеге келген.
Білімі:
Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетін «Технологиялық машиналар және жабдықтар» мамандығы бойынша, сондай-ақ М.Нәрікбаев атындағы Қазақ гуманитарлық заң университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
Жұмыс тәжірибесі:
Әр жылдары «Bonatti S.p.A», «Karachaganak Petroleum Operating B.V.», «Интергазстрой» компанияларында және Астана қаласының «Сарыарқа» кәсіпкерлер қауымдастығында жұмыс істеді.
2022–2024 жылдары – «ҚазТрансОйл» АҚ бас директорының мұнай тасымалдау жөніндегі орынбасары.
2024–2025 жылдары – KMG International N.V. бас операциялық директоры.
2025 жылдың сәуір айынан бастап KMG International N.V. (Rompetrol) компаниясының бас атқарушы директоры болып еңбек етіп келеді.
2026 жылдың шілдесінен бастап «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасының орынбасары қызметін қоса атқарады.