
1979 жылы 20 наурызда дүниеге келді.
Білімі:
Қазақ мемлекеттік басқару академиясын «Халықаралық валюта-қаржы қатынастары» мамандығы бойынша үздік тәмамдаған, Йокогам ұлттық университетінің (Жапония) МВА дәрежесіне және «Корпоративтік қаржыландыру» мамандығы бойынша London Business School (Ұлыбритания) дипломына ие.
Жұмыс тәжірибесі:
Кәсіби мансабын 1999 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің валюталық реттеу және бақылау басқармасының жетекші экономисі қызметінен бастаған.
2004-2005 жылдары Еуропалық қайта құру және даму банкінің банк мәселелері жөніндегі ассистенті болып жұмыс істеді.
2006 жылдан бастап 2007 жылдар аралығында - Ұлыбританияның Қазақстан Республикасындағы елшілігінің энергетика саласындағы жобалардың үйлестірушісі.
2007 – 2012 жылдары «ҚазМұнайТеңіз» ТМК» АҚ компаниясында түрлі лауазымдарды атқарды: директордың орынбасары, корпоративтік қаржыландыру департаментінің директоры, бас директордың экономика және қаржы жөніндегі орынбасарының міндетін атқарушы.
2012 - 2016 жылдары - «KMG Drilling&Services» ЖШС бас директорының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары, қаржы директоры.
2016 – 2023 жылдары «PSA» ЖШС мұнай-газ операциялары шоттарына ревизия жүргізу департаментінің директоры болып жұмыс істеді.
2023 жылғы сәуірде «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалды.