Бекзат Қылышбекұлы Абайылданов 1976 жылы туған, 1999 жылы Қ. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін «Өндірісті басқару және ұйымдастыру» мамандығы бойынша бітірді. 2001 жылы осы университетті «Мұнай және газ кен орындарын игеру және пайдалану» мамандығы бойынша бітіріп, тау-кен инженері біліктілігін алды.
Еңбек қызметін Б.Қ. Абайылданов 1999 жылы «ӨзенМұнайГаз» акционерлік қоғамында цех нормалаушысы болып бастады.
Б.Қ. Абайылданов мұнай-газ саласында 20 жылдан астам тәжірибесі бар. 2000-2005 жылдары «ӨзенМұнайГаз» АҚ жетекші инженер-экономист, жоспарлау, еңбек және жалақы бөлімінің, активтерді басқару бөлімінің бастығы, бақылау-талдау бөлімінің, қаржы басқармасының директоры қызметтерін атқарды.
2005-2009 жылдары мұнай-газ саласындағы әртүрлі компанияларда басшылық қызметтерді атқарды, 2009-2016 жылдар аралығында «Каспий мұнай» АҚ Басқарма төрағасы және бас директоры болды.
2016 жылы «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасары болып тағайындалды. 2017-2018 жылдары «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасары – «Өзенмұнайгаз» АҚ бас директоры қызметін атқарды.
2018-2020 жылдары «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының кеңесшісі болды.
2020-2021 жылдары «ҚазТрансГаз» ҰК» АҚ бас директорының ресурстық базаны дамыту және техникалық саясат жөніндегі орынбасары, Басқарма төрағасының геологиялық барлау және өндіру жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарды.
2024 жылдың 17 қыркүйегінен бастап «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасының геология, барлау, мұнай-газ өндіру және мұнай-сервистік жобалар блогына жетекшілік ететін орынбасары лауазымына тағайындалды.
Абайылданов Б.Қ. Ұлттық сертификатпен және «Сала көшбасшысы-2015» медалімен марапатталған, National Business 2015 жылғы аналитикалық мәліметтері бойынша Қазақстанның ТОП – 10 үздік СЕО қатарына енді, ғылыми журналдарда бірқатар жарияланымдары бар.