1981 жылы 24 наурызда дүниеге келген.
Білім:
"Экономист" мамандығы бойынша Халықаралық бизнес университетін, "тау-кен инженері-мұнайшы" мамандығы бойынша Қазақ ұлттық техникалық университетін бітірген, "Сколково"Мәскеу басқару мектебінің Executive MBA дәрежесіне ие.
Жұмыс тәжірибесі:
Кәсіби мансабын 2000 жылы "ҚазТрансОйл "ҰТКН АҚ әкімшілік департаментінің маманы қызметінен бастаған.
2002 - 2003 жылдары "ҚазМұнай Газ "ҰК АҚ активтерді басқару департаментінің бас маманы болып жұмыс істеді.
2003-2005 жылдары "ҚазТрансГаз" АҚ активтерді басқару департаментінің бас менеджері болды, бұдан әрі активтерді басқару директорының орынбасары болып тағайындалды.
2005-2021 жылдары "M&ЅЕ"ЖШС Бас директорының бірінші орынбасары болып жұмыс істеді.
2010-2011 жылдары "Отан" ЖЗҚ АҚ Директорлар Кеңесінің мүшесі (тәуелсіз директор).
2010-2013 жылдары "Қазақстан Ипотекалық Компаниясы"АҚ Директорлар Кеңесінің мүшесі (тәуелсіз директор).
2014-2017 жылдары "Оптима Банк"ААҚ Директорлар Кеңесінің мүшесі (тәуелсіз директор) болып сайланды.
2016 – 2020 жылдары "Қазақстан Шахмат федерациясы" РҚБ Вице-президенті қызметін атқарды.
2020-2022 жылдары "Бөген Холдинг" ЖШС Байқау кеңесінің төрағасы.
2023-2025 жылдары "Қазтрансойл"АҚ Директорлар Кеңесінің мүшесі (Тәуелсіз директор) болды.
2025 жылдың сәуір айында "ҚазМұнайГаз"ҰК АҚ Басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалды.