1980 жылғы 28 қазанда туған.
Білімі:
Қарағанды Бизнес, Басқару және Құқық Университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша
Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті «Қаржы және несие» мамандығы бойынша бітірген.
И.М. Губкин атындағы Мұнай және газ РМУ (РФ) МВА дәрежесіне ие.
Мәскеу қаласында Ресей Федерациясының Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясының «Құқықтану» мамандығы бойынша магистр дипломы бар.
Жұмыс тәжірибесі:
Кәсіби мансабын 2001 жылы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Заң департаментінің жетекші маманы қызметінен бастаған.
2002 жылдан бастап 2008 жылға дейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитетінің Заң басқармасында әртүрлі лауазымдарды атқарды: Халықаралық салық салу басқармасының жетекші маманы, бас маманы, бөлім бастығы, бөлім бастығының орынбасары, Заң басқармасының бастығы.
2008-2010 жылдары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті Қарағанды облысы бойынша Салық департаментінің бастығы.
2010 жылдан бастап 2014 жылға дейін – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті Мамандандырылған басқармасының басшысы.
2014 жылдан бастап 2020 жылға дейін – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Мамандандырылған басқармасының басшысы.
2022 жылдан 2024 жылға дейін – Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Жер қойнауын пайдалану департаментінің директоры.
2024 жылы «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасының қызметінде Бизнес-серіктес қызметін атқарды.
2025 жылғы ақпанда «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалды.