ҚМГ ДК-ге алғашқы сайланған күні: ҚМГ Акционерлерінің жалпы жиналысының 06.04.2023 жылғы шешімі, №1/2023 хаттама.
ҚМГ ДК-дегі ағымдағы сайланған күні: ҚМГ Акционерлерінің жалпы жиналысының 14.08.2023 жылғы шешімі, №4/2023 хаттама.
Азаматтығы: Қазақстан Республикасы.
Туған күні: 28.01.1977.
Білімі:
· Дюкейн университеті (Питсбург, АҚШ), «Бизнесті басқару» мамандығы бойынша бакалавр дәрежесі (BSBA), 1997 – 1999;
· Оксфорд университеті (Ұлыбритания), салыстырмалы әлеуметтік саясат ғылымдарының магистрі (MSC Comparative Social Policy), 2002-2003;
· Калифорния университеті Беркли (АҚШ), МВА дәрежесі, 2005-2007;
· Сертификатталған қаржылық талдаушы, CFA, 2012 жылдан бастап.
Жұмыс тәжірибесі:
· SAP компаниясы (АҚШ), маркетинг маманы, 2006-2008;
· МакКинзи компаниясы (Мәскеу, РФ), консультант, 2009-2010;
· Полиметалл компаниясы (Қазақстан), 2010-2012;
· КПМГ компаниясы (Қазақстан), аға менеджер, 2012-2013;
· PwC компаниясы (Қазақстан), аға менеджер, директор, 2013-2020;
· «StrategyLab» ЖШС консультациялық компаниясы, негізін қалаушы, 2020 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін.
ДК-дегі қоса атқарушылық және мүшелік бойынша жұмыс:
· «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ, Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор;
· «Самұрық-Энерго» АҚ, Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор;
· «Тау-Кен Самұрық» ұлттық тау-кен компаниясы» АҚ, Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор.
Мемлекеттік наградалар, құрметті атақтары:
Елдегі заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан елеулі үлесі үшін ҚР Бас прокуратурасының 25 жылдығына арналған мерейтойлық медальмен марапатталған.
Халықаралық кәсіби сертификаттар: жоқ
Сертификатталған қаржылық талдаушы, CFA.
Компанияның, сондай-ақ компанияның жеткізушілері мен бәсекелестерінің акцияларын иелену: жоқ.