ҚМГ ДК-ге сайланған күні: ҚМГ Акционерлерінің жалпы жиналысының 05.05.2025 жылғы шешімі, №1/2025 хаттама.
Азаматтығы: Қазақстан Республикасы.
Туған күні: 31.03.1978.
Білімі:
· Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрлігінің Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институты (ММХҚИ), экономика бакалавры және магистрі, халықаралық экономикалық қатынастар факультеті; экономика ғылымдарының кандидаты, менеджмент және маркетинг факультеті, 1995-2005.
Жұмыс тәжірибесі:
· Royal Bank of Scotland, Инвестициялық банкинг департаментінің директоры, Астана қаласындағы Өкілдіктің басшысы, 2011-2012;
· UBS банкі (Ю БИ ЭС БАНК), Инвестициялық банкинг департаментінің атқарушы директоры, Астана қаласындағы өкілдіктің басшысы, 2012-2016;
· «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ, даму және инвестициялар жөніндегі басқарушы директор, Басқарма мүшесі, 2016-2017;
· «Астана» ӘКК АҚ, Басқарма төрағасы, 2017-2019;
· ROTHSCHILD & СО (ИНВЕСТ БАНК РОТШИЛЬД ЖӘНЕ КО), Қазақстандағы өкілі, 2019-2020;
· Kazakhstan Investment Development Fund Management Company LTD, Басқарма төрағасы, 2020-2023;
· «Самұрық-Қазына» АҚ, Басқарма төрағасы, 2023 – қазіргі уақытқа дейін.
ДК-дегі қоса атқарушылық және мүшелік бойынша жұмыс:
· «Эйр Астана» АҚ, Директорлар кеңесінің төрағасы, «Самұрық-Қазына» АҚ мүдделер өкілі;
· «KEGOC» АҚ, Директорлар кеңесінің төрағасы, «Самұрық-Қазына» АҚ мүдделер өкілі.
Компанияның, сондай-ақ компанияның жеткізушілері мен бәсекелестерінің акцияларын иелену: жоқ.