ҚМГ ДК-ге алғашқы сайланған күні: «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ Басқармасының 18.02.2016 жылғы шешімі, №06/16 хаттама.
ҚМГ ДК-ге ағымдағы сайланған күні: ҚМГ Акционерлерінің жалпы жиналысының 14.08.2023 жылғы шешімі, №4/2023 хаттама.
Азаматтығы: Қазақстан Республикасы.
Туған күні: 14.10.1947.
Білімі, мамандығы (біліктілігі), лицензиялары:
· И.М. Губкин атындағы Мәскеу мұнай-химия және газ өнеркәсібі институты, Мұнай және газ кен орындарын игеру технологиясы және кешенді механикаландыру, тау-кен инженері, 1970;
· И.М. Губкин атындағы Мәскеу мұнай-химия және газ өнеркәсібі институты, аспирантура, 1973;
· Уфа мұнай институты, техника ғылымдарының кандидаты, диссертация тақырыбы: «Ұңғымаларды бұрғылау кезінде сазды жыныстардың тұрақтылығын сақтау үшін адгезиялық кольматантпен минералданған ерітінділерді өндіру», 1985;
· Атырау Мұнай және газ институты, «Мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылау» кафедрасының академиялық профессоры, 2001;
· Қазақ ұлттық техникалық университеті, құрметті профессоры, 2004;
· Қазақстан Республикасының Ұлттық инженерлік академиясы, «Мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылау» мамандығы бойынша академик, 2004;
· Техника ғылымдарының докторы, диссертация тақырыбы: «Бұрғылау жұмыстарының қауіпсіздігін арттырудың теориялық негіздері және теңіз мұнай-газ кен орындарын игерудің табиғатты қорғау технологияларын әзірлеу», 2010.
Жұмыс тәжірибесі:
· «ҚазМұнайГаз Барлау» басқармасының Оңтүстік Ембі мұнай-газ барлау экспедициясы, Атырау облысы, бұрғылау жөніндегі инженер-технолог, 1973-1974;
· Қазақ ғылыми-зерттеу геологиялық барлау мұнай институты, Атырау облысы, бұрғылау технологиясы, жуу сұйықтықтары зертханаларының меңгерушісі, 1974-1981;
· Қазақ ғылыми-зерттеу геологиялық барлау мұнай институты, Атырау облысы, директордың ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары, 1981-1988;
· «Прикаспийгеология» бас аумақтық басқармасы, Орал қаласы, техникалық прогресті дамыту және терең бұрғылау басқармасының бастығы, 1988-1990;
· В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтының Гурьев филиалы, Атырау қ., кафедра меңгерушісі, 1990;
· Қазақстан Республикасы Президентінің Аппараты және Қазақстан Республикасы Министрлер кабинеті, өнеркәсіп бөлімінің аға референті, Алматы қ., 1991-1992;
· Қазақстан Республикасы Энергетика және отын ресурстары министрлігі, Алматы қ., Мұнай және газ бас басқармасының бастығы, 1992-1994;
· Қазақстан Республикасы Энергетика және отын ресурстары министрлігі, Алматы қ., Министрдің орынбасары, Қазақстан Республикасы Мұнай және газ өнеркәсібі министрлігі, Министрдің орынбасары, Алматы қ., 1994-07. 1995;
· «Agip» компаниясы, тағылымдамадан өтуші, Италия, 07.1995-11.1997;
· «Қазақойл» ұлттық мұнай-газ компаниясы, Алматы қ., Корпоративтік даму жөніндегі вице-президент, перспективалық даму жөніндегі директор, перспективалық даму жөніндегі вице-президент, бірінші вице-президент, 11.1997-02.2000;
· «Қазақойл» ұлттық мұнай-газ компаниясы» ЖАҚ, президенттің міндетін атқарушы, 08.1999-10.1999;
· «ҚазТрансГаз» ЖАҚ, Астана қ., президент, 02.2000-01.2001;
· Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі, Астана қ., Вице-министр, 01.2001-03.2003;
· «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ, президент, 03.2003-29.05.2008;
· «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ, президент, 07.2008;
· «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ, бас директор, 07.2008-11.2009;
· «Қазақстан Мұнай және газ институты» АҚ, бас директор, 01.2010-07.2013;
· Қазақстан Республикасының Мұнай және газ министрлігі, Министр, 03.07.2013-06.08.2014; қайта тағайындалды - 04.04.2014 бастап;
· Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі, Министрдің бірінші орынбасары, 13.08.2014-19.01.2016.
ДК-дегі қоса атқарушылық және мүшелік бойынша жұмыс:
· «ҚазТрансОйл» ЖАҚ, Директорлар кеңесінің төрағасы, 2001-2002;
· «Мұнай және газ көлігі» ҰК» ЖАҚ, Директорлар кеңесінің төрағасы, 05.2001-02.2002;
· «ҚазМұнайГаз» ҰК» ЖАҚ, Директорлар кеңесінің төрағасы, 02.2002-03.2003;
· «KazEnergy» қауымдастығы, Қазақстандық қамту жөніндегі үйлестіру кеңесінің төрағасы, 12.2006 жылдан бастап;
· «ҚазРосГаз» ЖШС, Байқаушы кеңестің мүшесі, 12.2006 жылдан бастап;
· Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық инвесторлар кеңесі, мүше, 09.2007-11.2008;
· «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ, Директорлар кеңесінің төрағасы, 28.11.2006-09.2008;
· Қазақстан Республикасының Әуесқой бокс федерациясы, президент, 2004-2009;
· «KazEnergy» қауымдастығы, төрағаның орынбасары;
· «КИНГ» АҚ, Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор.
Мемлекеттік және халықаралық наградалар, сыйлықтар, құрметті атақтар:
· 3-дәрежелі «Барыс» (2005), «Құрмет» (2000), «Ресей экономикасының көшбасшысы» (2005) ордендері;
· «КСРО жер қойнауын барлау үздігі» белгісі (1988);
· «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005), «Қ аза қ стан Республиканың Парламентіне 10 жыл» (2006) мерейтойлық медальдары;
· «Қазақстан Республикасы жер қойнауының құрметті барлаушысы» атағы (2003);
· «Қазақстан Республикасының құрметті спорт қайраткері» медалі (2007);
· «Kazenergy» Еуразиялық энергетикалық форумы шеңберінде «Жыл адамы» атағы және «Алтын Прометей» сыйлығы (09.2009);
· «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы (2011);
· «Отан» ордені (2011).
Ғылыми, әдеби еңбектері, жарияланымдары:
70-тен астам жарияланымдардың, мақалалардың, кітаптардың және 11 өнертабыстың авторы.
Компанияның, сондай-ақ компанияның жеткізушілері мен бәсекелестерінің акцияларын иелену: жоқ.