«Zhylyoi Operating» ЖШС бүгінде Жылыой геологиялық барлау учаскесінде 3D сейсмикалық зерттеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Жобаны «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (ҚМГ) мен «China National Offshore Oil Corporation» (CNOOC) бірлесіп іске асыруда. Бұл қытайлық компанияның Қазақстан мен Орталық Азиядағы бірінші жобасы.
Еліміздің ресурстық қорын толықтыру: Атырау облысындағы Жылыой учаскесінде сейсмикалық барлау жұмыстарының барысы
09.11.2026
Аталған учаске Атырау облысының аумағында, Каспий теңізінің солтүстік-шығыс жағалауында орналасқан және құрлықтан теңізге қарай өтпелі аймақ болып саналады. Зерттелетін аудан көлемі – 958 шаршы шақырым. Жобаның барлау кезеңін қытайлық серіктестер қаржыландырады.
Жылыой – күрделі жоба, себебі Каспий теңізінің жағалауы аймағында орналасқан. Бұл өз кезегінде экологиялық қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауды және жұмыстарды жоғары техникалық деңгейде жүргізуді талап етеді.
Зерттеудің жалпы көлемі толық 400 шаршы шақырымды құрайды. Сейсмикалық барлау жұмыстары барысында заманауи технологиялар, атап айтқанда жоғары дәлдіктегі төмен жиілікті вибрациялық құралдар, кабельсіз сейсмикалық дыбысты қабылдағыштар және деректерді жинауды оңтайландыру мен жеделдету үшін технологиялық шешімдер пайдаланылады.
3D сейсмикалық барлау жер қойнауының геологиялық құрылымы жөнінде толық ақпарат алуға мүмкіндік береді. Нәтижелер құрылымның көмірсутек әлеуетін бағалау үшін және бірінші іздеу барлау ұңғымасын бұрғылауға арналған нүктені таңдау үшін пайдаланылады.
«Жылыой» жобасы Қазақстан аумағының геологиялық зерттелуін арттыруға және елімізде ресурстар қорын толықтыру үшін көмірсутектерді барлау мен өндіру бойынша жаңа перспективті нысандарды іздеуге бағытталған ҚМГ-ның стратегиясы аясында іске асырылуда.