Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

Әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту және еңбек жағдайлары: А.Хасенов Жетібай кен орнына барды

07.02.2025

Маңғыстау облысына жұмыс сапары барысында «Қазмұнайгаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов Жетібай кен орнында болды. ҚМГ басшысы қызметкерлердің еңбек жағдайларымен танысты, өндірістік нысандарды аралап, инфрақұрылымды жаңғырту және операциялық тиімділікті арттыру мәселелері бойынша кеңес өткізді.

«Жетібаймұнайгаз» өндірістік басқармасындағы («Маңғыстаумұнайгаз» АҚ) кеңесте ММГ басшылығы 2024-2025 жылдарға арналған әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларды жақсарту жөніндегі Жол картасының орындалуы туралы есеп берді.

2025 жылы Жетібай кен орнында 550 орындық вахталық ауыл салуға, Қаламқас кен орнында заманауи асхана, мәдени-демалыс кешенін және жатақхана тұрғызуға жобалау-сметалық құжаттама әзірлеу жоспарлануда. Сондай-ақ, 9 жаңа нысан салу, 68 өндірістік және әлеуметтік нысанды жөндеу жоспарланып отыр.

Кеңес қорытындысы бойынша ҚМГ басшысы операциялық тиімділікті арттыру, геологиялық-техникалық іс-шараларды сапалы орындау, шығындарды оңтайландыру және қызметкерлердің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларын жақсарту бойынша Жол картасы пункттерін одан әрі орындау жөнінде тапсырмалар берді.

Сондай-ақ А.Хасенов ММГ кәсіподақ өкілдерімен кездесті. Еңбек жағдайларын жақсарту, әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту және т.б. мәселелер талқыланды.

Маңғыстаумұнайгаз жоғары өндірістік нәтижелер көрсетуде. 2024 жылы мұнай өндірудің жалпы көлемі 6,17 млн тоннаны құрады, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 18,9 мың тоннаға артық. Ағымдағы жылы мұнай өндіруді 171 мың тоннаға ұлғайтуға мүмкіндік беретін 121 эксплуатациялық ұңғыма бұрғыланды. Компания өндіру тиімділігін арттыратын геологиялық-техникалық іс-шараларды (қабаттың гидравликалық жарылуы, үстіңгі қабатқа ауыстыру) сәтті жүзеге асыруда.

2025 жылға арналған мұнай өндіру жоспары — 6 млн 165 мың тонна.

ММГ еліміздегі ең ірі салық төлеушілердің бірі. 2024 жылы компания мемлекеттік бюджетке жалпы сомасы 304 млрд теңге аударымдар мен салық төледі.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>