Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

Асхат Хасенов Маңғыстау облысындағы Жетібай кен орнында болды

09.04.2026

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов өңірге жұмыс сапары барысында «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ (ММГ) Жетібай кен орнындағы өндірістік нысандарды аралады.

Қазіргі уақытта кен орнында қуаты 25 МВт болатын жаңа газ поршенді электр станциясының (ГПЭС) құрылысы аяқталуда. Жоба сыртқы энергия көзімен жабдықтаудың кідірістері салдарынан мұнай өндіру процесінің тоқтап қалу қаупін азайтуға және операциялық шығынды қысқартуға бағытталған. Негізгі жабдық жеткізілді, іске қосу және баптау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Пайдалануға беру 2026 жылдың 3-тоқсанына жоспарланған. Осыған ұқсас ГПЭС жобасы (10 МВт) Қаламқас кен орнында жүзеге асырылуда, ол да сол уақытта іске қосылатын болады.

Сонымен қатар ҚМГ басшысы Жетібай кен орнын басқару орталығының жұмысымен танысты. Бұл жобаның арқасында барлық негізгі өндірістік нысандардан келіп түсетін деректер бірыңғай цифрлық платформаға біріктіріліп, нақты уақыт режимінде мониторинг жасалады.

Өткен жиын барысында ММГ басшылығы компанияның 1-тоқсанда атқарған қызметінің қорытындылары, цифрлық шешімдерді енгізу және қызметкерлердің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларын жақсарту бағытындағы шаралар туралы баяндады.

Жиынтық геологиялық қоры 20 млн тоннадан асатын спутниктік кен орындарын дамытуға айрықша назар аударылды. Биыл Оймаша кен орнында 3D сейсмикалық барлау жүргізу жоспарланып отыр, бұл геологиялық құрылымды нақтылауға және бұрғылаудың перспективті аймақтарын анықтауға мүмкіндік береді. ММГ бірқатар іс-шараны жүйелі түрде жүзеге асырып келеді, соның ішінде терең және көлденең ұңғымаларды бұрғылау, өндірісті қарқындатудың заманауи технологияларын енгізу және карбонатты коллекторларда қабат қысымын ұстап тұру жүйесін қалыптастыру. Биыл компания 13 ұңғыманы бұрғылайды, бұл қорларды игеруге тартуды және өндіру деңгейінің өсуін қамтамасыз етеді.

ММГ-да цифрландыру бағытында кен орындарын игеруді тиімді басқару үшін озық IT шешімдерімен машиналық оқытудың алгоритмдері енгізілуде. Мәселен, «Сапарларды басқару» жобасы бойынша Қаламқас және Жетібай кен орындарында жүйені 2026 жылдың ортасында іске қосу үшін интерфейстер әзірленіп жатыр. ABAI жүйесіне жаңа ұңғымалардың цифрлық рейтингін құрастыру үшін жасанды интеллект енгізілуде, бұл болжамды талдауды жеделдетеді. Aspans платформасында электронды наряд-рұқсаттар тестіленуде.

Қызметкерлердің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларын жақсартуға қатысты мәселелер жеке қаралды. Компания жатақханалар, асханалар мен түрлі тұрмыстық үй-жайларды салу және жаңғырту жөніндегі жобаларды жүйелі іске асырып келеді.

Жиын қорытындысы бойынша А.Хасенов ресурстық базаны дамыту, мұнай өндірудің тиімділігін арттыру, сондай-ақ өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымды одан әрі жаңғырту жөніндегі жұмысты жалғастыру қажет екенін атап өтті.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>