Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

Жетібай кен орнында апатты жағдайда әрекет етуге бағытталған оқу-жаттығу өтті

19.07.2023

2023 жылы 19 шілдеде «Маңғыстаумұнайгаз» акционерлік қоғамына қарасты «Жетібаймұнайгаз» өндірістік басқармасының оқу полигонында ұңғымада жанып тұрған ашық мұнай фонтанын жойып, зардап шеккен адамды құтқару бойынша оқу-жаттығу өтті.

Бұл сценарий кездейсоқ таңдалмады. 2019 жылы Қаламқас кен орнында болған апат көрсеткендей, ашық газ және мұнай фонтандары күрделі апаттарға жатады. Оны жою үшін көп күш жұмсап, арнайы құралдарды қолдану керек.

Оқу-жаттығуға «Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтерінің республикалық орталық штабы» ЖШС-нің Маңғыстау облысы бойынша филиалының және «Семсер-Өрт сөндіруші» ЖШС бөлімшелері қатысты. Іс-шара барысын «Самұрық-Қазына» АҚ, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ, Маңғыстау облысының төтенше жағдайлар департаменті және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті департаментінің өкілдері бақылады.

Жаттығу кезінде ұңғыма жабдықтарын салқындату, фонтанның жылу шығару қарқынын төмендету, газдалған аймақты анықтау, сағаны тығындау және ауыр бұрғылау ертіндісін құю арқылы ұңғыманы бітеу бойынша іс-әрекеттер пысықталды.

Өндірістегі қауіпсіздікті үздіксіз жетілдіру аясында «ҚазМұнайГаз» және оның еншілес кәсіпорындары өндірісте төтенше жағдай кезінде дер уақытында әрекет етуге дайындық деңгейін көтеру мақсатында осындай оқу-жаттығуларды ұдайы өткізіп тұрады.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>