Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ алаңында қызметкер әйелдердің әлеуетін дамыту мәселесі талқыланды

27.04.2023

Бүгін «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ алаңында АҚШ делегациясының «TechWomen» бағдарламасы бойынша Қазақстанға сапары шеңберінде әйелдердің әлеуетін дамыту бойынша сессия өтті.

Делегацияның миссиясы – әйелдердің мүмкіндіктерін арттыруға, оларды ғылым, технология, инженерия және математика салаларында қолдауға және елдер арасындағы кәсіби және мәдени байланысты нығайтуға бағытталған. Делегация құрамында АҚШ-тың жетекші технологиялық компаниялары мен қоғамдық институттарының, Кремний алқабындағы кәсіби даму және тәжірибе  алмасу ұйымдарының 50 сарапшысы мен өкілдері бар.

Іс-шараға ҚМГ тарапынан 100-ге жуық қатысушы, оның ішінде геология, өндіру, мұнай сервисі, мұнай тасымалдау және өңдеуді қоса алғанда, ұлттық компанияның түрлі бизнес-бағыттары бойынша өңірлерде жұмыс істейтін мамандар келді.

Бағдарлама бойынша әйелдер көшбасшылығы, қаржылық сауат, стратегия, тұрақты даму, сондай-ақ экология, әлеуметтік саясат және корпоративтік басқару (ESG) мәселелері бойынша пікірталас пен оқу сессиялары өтті.

Сессияның ашылу рәсімінде сөз алған «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма Төрағасы Мағзұм Мырзағалиев: «Біз «мұнай-газ индустриясы — ерлер жұмыс істейтін сала» деген қоғамда қалыптасқан пікірді жақсы білеміз. Алайда, өмірдің өзі бұл ескірген формуланы жоққа шығарды. Бүгінде әйелдер қоғамдағы барлық салада, соның ішінде энергетикада маңызды рөл ойнайды. Бұл, әрине, оң үрдіс, және «ҚазМұнайГаз» компаниясының мысалында бұл үрдіс жұмыс сапасын арттыруға, әділ жұмыс ортасын қалыптастыруға, корпоративтік шешімдер қабылдау процесінде тепе-теңдіктің сақталуына ықпал етеді деп сеніммен айта аламын. Сондықтан біз әйелдердің зор әлеуетін қолдауды және ҚМГ қызметінің барлық бөлігінде олардың санын арттыруды жалғастыра береміз», — деп атап өтті.

Анықтама үшін:

«TechWomen» — АҚШ мемлекеттік департаментінің білім және мәдениет бюросының (ECA) бастамасы. Бұл бүкіл әлем бойынша әйелдердің мәртебесін көтеруді қолдайтын, сондай-ақ олардың ғылым, технология, инженерия және математика (STEM) саласындағы әлеуетін дамытуға көмектесетін мамандарға арналған тәжірибе алмасу бағдарламасы. Соңғы 12 жылда бағдарламаға 21 елден 1000-нан астам әйел қатысты.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>