«Жарқын болашақ» бағдарламасының түлектері IQanat Burabay High School мектебін сәтті бітірді
17.06.2026
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның «Жарқын болашақ» білім беру бағдарламасы Маңғыстау облысының дарынды жастарына сапалы білім алуға және өз әлеуетін дамытуға мүмкіндік беріп келеді.
2025-2026 оқу жылында ҚМГ-ның білім беру грантына ие болған 25 оқушы IQanat Burabay High School (IQanat) мектеп-интернатындағы оқуын сәтті аяқтады.
Бағдарлама жүзеге асырылған бес жыл ішінде IQanat-қа Маңғыстау облысынан 138 оқушы қабылданып, оның 118-і түлеп шықты.
Айта кетсек, «Жарқын болашақ» бағдарламасы жастарды жан-жақты қолдауға бағытталған, яғни мамандық таңдаудан бастап жаңа білім алу мен кәсіби ортаға бейімделуге дейінгі барлық кезеңді қамтиды. «ҚазМұнайГаз» осы жоба арқылы Жаңаөзен қаласы мен Маңғыстау облысының жастары үшін сапалы білімге қолжетімділікті қамтамасыз етіп, олардың кәсіби тұрғыда және тұлға ретінде дамуына жол ашатын тиімді әлеуметтік бастаманы жалғастыратын болады.