Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

ҚМГ басшысы Жаңаөзенде салынып жатқан кітапхана құрылысын аралап көрді

07.10.2026

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов Маңғыстау облысына жұмыс сапары барысында Жаңаөзен қаласында салынып жатқан Орталық қалалық кітапхананың құрылыс алаңына барды.

Кітапхана «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ және Samruk-Kazyna Trust қолдауымен жүзеге асырылып жатыр. Заманауи ғимараттың жалпы ауданы 2 мың шаршы метрге жуық және 100 мыңға дейін кітап қорын сақтауға есептелген.

Мұнда 80 орындық оқу залы, жеке және топпен жұмыс істеуге мүмкіндік беретін коворкинг аймағы мен конференция залы болады. Сондай-ақ кітап қорын жинау, өңдеу және цифрландыру бөлімдері қарастырылған.

Қазіргі уақытта нысанды ішкі әрлеу және инженерлік жұмыстар аяқталуға жақын.

Жаңа кітапхана жаңаөзендіктер үшін кітап оқып, білім алуға, шығармашылықпен айналысуға және қоғамдық іс-шараларды ұйымдастыруға мүмкіндік беретін заманауи мәдени-ағарту орынға айналмақ.

Жоба Мемлекет басшысының кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі бастамасы аясында жүзеге асырылуда.

Айта кетсек, ҚазМұнайГаз әлеуметтік жауапты компания ретінде өз кәсіпорындары орналасқан өңірлерде білім беретін, мәдени, медицина және спорт нысандарының бой көтеруіне үнемі мән беріп келеді.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>