Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

Жаңаөзен қаласының қоғамдық кеңесі «ҚазМұнайГаз» басшылығына алғыс білдірді

15.12.2022

15 желтоқсан күні Жаңаөзен қаласының қоғамдық кеңес мүшелері «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (ҚМГ) Басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиевпен кездесті. Жиын барысында олар ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларына сәйкес «ҚазМұнайГаздың» қатысуымен Жаңаөзен қаласында жүзеге асып жатқан әлеуметтік бастамалар үшін алғыс білдірді.

Жаңаөзен қаласы Қоғамдық кеңесінің төрағасы Аманқос Еділов бұл бастамалардың қала тұрғындары үшін маңызды екенін атап өтті.   

«Биыл Жаңаөзенде Президенттің тапсырмасымен бірнеше жоба жүзеге асырылды. «Жарқын болашақ» жобасымен барлығы 227 бала түрлі оқу орындарына түсті. Олардың ішінде 50 оқушы Бурабайдағы Iqanat мектебіне қабылданды. 161 бала колледждерде, 6 оқушы олимпиадалық резервтегі республикалық спорт мектеп-интернаттарына түсті, ал 10 бала республикалық физика-математика мектебіне іріктеуден өтті. Сондай-ақ медициналық орталық салынды.  Компания тарапынан жасалып жатқан мүмкіндік үшін қала тұрғындарының ризашылығын жеткізгіміз келеді. Бұл игі іс жалғаса береді деп үміттенеміз»,- деді А. Еділов.

Сондай-ақ Қоғамдық кеңес мүшелері мен мәслихат депутаттары ҚМГ басшысына Жаңаөзен қаласы Қоғамдық кеңесінің жоғары марапатын табыстады.

«ҚазМұнайГаз» басшысы Мағзұм Мырзағалиев өз кезегінде бұл бағыттағы жұмыс жалғасын табатынын айтты. 

ҚМГ өңірде медициналық және спорт кешендерінің құрылысына, жұмыссыздық мәселесін реттеуге жан-жақты қолдау көрсетіп келеді.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>