Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

Жаңаөзен қаласынан 50 оқушы «IQanat» мектебіне оқуға түсті

23.08.2022

Биыл Жаңаөзен қаласының оныншы сыныпқа өткен 50 оқушысы үшін алғашқы қоңырау «IQanat High School of Burabay» мектеп-пансионатында соғылады. Оқушылар жазғы демалыс кезінде уақытты бос өткізбей, Қазақстанның үздік инновациялық мектептерінің біріне тестілеуден өтіп, оқуға қабылданды.

Жаңаөзен қаласынан барлығы 858 оқушы бақ сынаған. Үш кезеңнен тұратын тестілеу кезінде олардың математикалық, сыни және қоршаған кеңістікте ойлау қабілеті тексерілген.

Жаңаөзен қаласының оқушылары үшін еліміздің үздік мектептерінің бірінде білім алу бастамасы «Өзенмұнайгаз» АҚ, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ және «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының» қолдауымен жүзеге асты.

Жаңаөзен қаласының оқушыларын дамытуға бағытталған бұл жоба ел Үкіметінен де қолдау тапты.

Ал жоба операторы – «IQanat білім беру қоры» қоғамдық қоры.

«IQanat» қоры балалардың кәсіби жолын анықтауына, жұмыс табуына, сондай-ақ олардың қабілеті мен еңбек нарығындағы әлеуметтік-экономикалық жағдайды ескере отырып, болашақ мамандығын таңдауына көмектеседі.

Жобаға қатысушылар білімі мен біліктілігін жетілдіріп қана қоймай, сыни ойлау, эмоционалды зияткерлік, көшбасшылық қасиеттер мен өзін-өзі ынталандыру секілді маңызды дағдыларды меңгеріп шығады.

«IQanat» мектебінің заманауи әдістемелері мен оқудың жаңашыл тәсілдері балалардың академиялық көрсеткіштерін арттырып, техникалық және шығармашылық IT-дағдыларын қалыптастырады.

Отандық кәсіпкерлердің IQanat жобасы 5 жыл бойы Қазақстанның барлық өңірлерінде ауыл оқушылары мен мұғалімдерін қолдауға бағытталған әлеуметтік-білім беру бағдарламаларды іске асырып келеді. «IQanat High School of Burabay» мектебінде білім алатын оқушылардың 80%-ы – ауыл балалары.  Олар аудан, облыс, республика деңгейінде үш кезеңнен тұратын іріктеуден өтіп, мектепте тегін оқу мүмкіндігіне ие болған.

Бурабайда орналасқан IQanat мектебінің биылғы түлектерінің 86,44%-ы Білім және ғылым министрлігінің, Назарбаев университетінің грантын, сондай-ақ АҚШ, Канада, Түркия, Литва және Еуропа мен Азияның басқа да жоғары оқу орындарының грантын иеленді.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>