Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

Жаңаөзен балаларына арналған «Жарқын болашақ» жобасының алғашқы қорытындысы шықты

01.06.2023

Жаңаөзен оқушыларын еліміздің үздік мектеп-интернаттары мен колледждерінде оқыту бойынша «Жарқын болашақ» жобасының алғашқы қорытындысы шықты.

Жоба аясында білім алуға 2022-2023 оқу жылында Жаңаөзеннен 227 оқушы іріктелді. Жобаның 149 қатысушысы еліміздің үздік колледждерінде политехникалық мамандықтар (19%), көлік (18%), экономикалық және технологиялық (18%), гуманитарлық (16%) және IT (14%) мамандықтары бойынша оқуды бастады. Тағы 12 бала республикалық өнер колледждеріне, алты оқушы олимпиадалық резервтегі республикалық спорт мектеп-интернаттарына түссе, 10 болашақ жасөспірім өз білімін растап, республикалық физика-математика мектебіне оқуға қабылданды. Ал 50 оқушы Ақмола облысындағы Бурабай курорт аймағында орналасқан «IQanat High School of Burabay» (IQanat) мектеп-пансионатына конкурстық іріктеуден өтті.

Жаңаөзен балалары оқу кезінде өз білімдерін едәуір шыңдады. 2022-2023 оқу жылының бірінші жартыжылдығының нәтижесі бойынша колледждердің 160-тан астам шәкірті қорытынды емтиханды сәтті тапсырды. Оның 12-сі алғашқы семестрді «өте жақсы», ал 121 оқушы «жақсы» деген бағамен бітірді. Спорт мектептері мен республикалық физика-математика мектебінде оқитын балалар да жақсы нәтиже көрсетті.

Iqanat мектеп-интернатының тәрбиеленушілеріне келетін болсақ, бірінші жартыжылдықтың нәтижесі бойынша олардың сабақ үлгерімі жақсара түсіп, 5 деген бағаға жақындады. Үшінші тоқсанның қорытындысына сай химия, ағылшын мен орыс тілдері, биология пәндері бойынша айтарлықтай ілгерілеу байқалады. Оқушылардың барлығы домбыра, қолөнер және тоқу үйірмелері, Сooking Club, Media club, Zhastar Team, Music Band, би және шахмат клубтары, футбол, волейбол, садақ ату, қазақ күресі сынды қосымша үйірмелер мен секцияларға қатысады. Жаңаөзен балаларының басым бөлігі элиталық мектептің қауымдастықтарында өзін-өзі басқару көшбасшылары атанды.

Жобаға қатысқан оқушылар қысқа уақыт ішінде бірқатар халықаралық, республикалық, облыстық, қалалық пәндік олимпиадаларда, сондай-ақ қоғамдық, әдеби және спорттық іс-шараларында оза шауып, жетістікке жетті. Үздік деп танылғандар білімі мен дарыны үшін марапатталып, қошеметке бөленді.

2023 жылы жазда жаңа іріктеу өткізу жоспарда бар, оның нәтижесінде Маңғыстау облысының 400-ден астам жас тұрғыны жобаға қатысуға мүмкіндік алады. Алдағы уақытта ҚМГ бұл бағдарлама бойынша оқушы санын көбейтуді жоспарлап отыр. Осылайша, ҚР бас мұнай компаниясының бастамасының арқасында балалар нақты ғылымдарды тереңдетіп оқудан шығармашылық және спорттық таланттарын дамытуға дейінгі түрлі бағыттарда сұранысқа ие мамандықтар бойынша сапалы білім алуға бірегей мүмкіндік алады.

Еске сала кетсек, 2022-2023 оқу жылында «Жарқын болашақ» жобасы «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры арқылы «Өзенмұнайгаз» АҚ, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ бастамасымен жүзеге асырылды.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>