Мұнай-газ саласында барлау және өндіру бағыты бойынша біліктілік пен стандарттарды өзектендіру жөніндегі жұмыс тобының отырысы
27.02.2025
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (ҚМГ) алаңында ҚР энергетика министрлігінің мұнай-газ, мұнай өңдеу және мұнай-газ химиясы салалары бойынша кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық Кеңесінің «Мұнай және газды барлау және өндіру» бағытында мұнай-газ салалық біліктілік шеңберлерін (СБШ) және кәсіби стандарттарды (КС) өзектендіру бойынша ұсыныстар әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтті.
Жиынға Энергетика министрлігінің, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің, ҚМГ-нің еншілес және тәуелді ұйымдарының, «Kazenergy» қауымдастының, «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ ұлттық кәсіби біліктілік органының, сондай-ақ ірі мұнай-газ компаниялары: «Теңізшевройл» ЖШС, «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В.», «Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В.» өкілдері қатысты.
Кездесуге қатысушылар талқыланған мәселелердің маңыздылығын атап өтті. Қазақстандағы мұнай-газ саласына арналған салалық біліктілік шеңберлері мен кәсіби стандарттар еңбек сапасын, қауіпсіздікті, білім беру деңгейін арттыруға және қызметкерлер мен тұтынушылардың мүдделерін қорғауға бағытталған маңызды құрал болып табылады.
«Kazenergy» қауымдасты 15 кәсіби стандартты өзектендіру, 9 кәсіби стандарт пен СБШ шеңберінде 20 кәсіптік карта әзірлеу жұмыстары қарастырылған 2025 жылға арналған жоспарларды таныстырды. Сонымен қатар, СБШ-ның жалпы ережелеріне «Жұмыс түрлерінің мысалдары» бөлімін енгізу және кейін бұл өзгерістерді кәсіби стандарттарға енгізу мәселелері талқыланды.
Еңбек министрлігі мен кәсіптік біліктілік жөніндегі Ұлттық органның сарапшылары КС және СБШ әзірлеу және өзектендіру қағидаларындағы өзгерістер, сондай-ақ кәсіби стандарттардың Қазақстанның білім беру мекемелерінде жұмыс оқу жоспарларын (ЖОЖ) қалыптастыруда қолданылатынына тоқталды.
«Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ», ҚБТУ, С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай-газ университеті және АРЕС Рetrotechnic жоғары колледжінің өкілдері қатысушыларға мұнай-газ саласы мамандарының кәсіби стандарттарды қарастыра отырып әзірленген білім беру бағдарламалары бойынша оқытылатын айтты.
Кездесуде кадрлық әлеуетті дамытуда кәсіби стандарттардың маңыздылығына ерекше назар аударылды. Еңбек кодексінің нормаларына сәйкес жұмыстың күрделілігі мен жауапкершілігі, қызметкерлердің біліктілігі ең алдымен осы стандарттар негізінде белгіленеді.
Кездесудің негізгі мақсаты – енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бойынша бірыңғай ұстаным қалыптастыру, 2025 жылға жоспарланған кәсіби стандарттарды өзектендіру және бекіту. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасын табады.