Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

Қазақстанда Рожков газ конденсатты кен орны өнеркәсіптік пайдалануға берілді

22.12.2023

2023 жылы 21 желтоқсанда «Орал Ойл энд Газ» ЖШС Батыс Қазақстан облысында Рожков газ конденсатты кен орнын өнеркәсіптік пайдалануға берді. Компанияның 50% үлесі «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-қа тиесілі.

Өнеркәсіптік пайдалануға беру рәсіміне бейне байланыс режимінде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Әлихан Смайылов, MOL Group компаниясының барлау және өндіру жөніндегі атқарушы вице-президенті Жомбор Мартон, Sinopec International Petroleum Exploration & Production Corporation компаниясының басқарма төрағасы Го Юэлян қатысты. Кен орнын Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев, MOL Group Ресей/ Қазақстан бас директоры Евгений Лапшин және First International Oil Corporation Limited  (Sinopec компаниясының еншілес кәсіпорны) компаниясының вице-президенті Чжао Вэньминь іске қосты.

Кен орнында жылына шамамен 1 млрд текше метр газ, 500 мың тоннадан астам конденсат өндіру мүмкіндігі бар, ал сұйытылған көмірсутекті газ өндірісінің деңгейі 150 мың тоннаға жетеді.  Кен орнынан алынған шикі газ «Жайықмұнайгаз» ЖШС газ өңдеу кәсіпорнына беріледі, өңделген тауар газы ішкі нарыққа жеткізіледі.

«Рожков» табиғи газ көлемінің қосымша көзіне айналады. Кен орнында өндірілетін шикізат «Жайықмұнайгаз» компаниясының кәспорнында өңделетін болады. Жоба шетелдік серіктестермен бірлесе жүзеге асырылады, бұл олардың тәжірибесін қажетті жобалық шешімдерді әзірлеу мен енгізу кезінде қолдануға мүмкіндік берді», - деп атап өтті Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Әлихан Смайылов.

«Былтыр қазан айында энергетика саласын дамыту жөніндегі кеңесте Мемлекет басшысы тауар газы өндірісінің көлемін арттыруды тапсырды. Біз биыл мамыр айында Оңтүстік Ақсай кен орнын, желтоқсан айының басында Шығыс Өріктау кен орнын іске қостық, ал жыл соңында Рожков кен орнын пайдалануға беріп отырмыз. Бұл жоба Батыс Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпал етеді. «Орал Ойл энд Газ» ЖШС жұмысы мен қызметтеріне кем дегенде 74% жергілікті мамандар тартылған. Жобаға құрылыс кезінде 450-ден астам адам жұмылдырылса, 80 тұрақты жұмыс орны ашылды», - деп атап өтті «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев.   

«Sinopec компаниясының атынан Рожков газ кен орнында ресми түрде коммерциялық өндіру жұмысының басталуымен шын жүректен құттықтаймын. Қазақстан Үкіметіне жұмыс барысында тұрақты қолдау көрсетіп келгені үшін,  сонымен бірге операциялық компанияның («Орал Ойл энд Газ») басшыларына атқарылған жұмыс үшін шынайы ризашылығымды білдіремін», - деп атап өтті  Sinopec International Petroleum Exploration & Production Corporation компаниясының басқарма төрағасы Го Юэлян.

«Біз Қазақстан мен Мажарстан үкіметінің MOL компаниясының қазақстандық мұнай-газ секторындағы қызметін екі ел арасындағы ынтымақтастықтың экономикалық жобалар арасындағы озық үлгісі  ретінде мойындағанын жоғары бағалаймыз. MOL және «Орал Ойл энд Газ» командасына, сондай-ақ серіктестерімізге, екі елдің үкіметіне бірлескен жұмысы үшін алғыс білдіремін», - деп атап өтті MOL Group компаниясының  барлау және өндіру жөніндегі атқарушы вице-президенті Жомбор Мартон.

«Орал Ойл энд Газ»  ЖШС үлескерлері – «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (50%), Мажарстанның MOL Caspian Oil and Gas Plc. (27,5%) компаниясы және Қытайдың First International Oil корпорациясы (22,5%).

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>