Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

ҚазМұнайГаз және CNPC негізгі мұнай-газ жобалары бойынша ынтымақтастықты тереңдету мәселелерін талқылады

31.07.2026

Бейжің қаласында (ҚХР) «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов China National Petroleum Corporation (CNPC) президенті Чжоу Синьхуаймен кездесті.

Тараптар Қазақстан үшін стратегиялық маңызы бар ірі жобаны — Шымкент мұнай өңдеу зауытының жылдық өндірістік қуатын 2030 жылы 6 млн тоннадан 12 млн тоннаға дейін кеңейтуді талқылады. Ішкі нарықта отын тұтыну көлемінің тұрақты өсуі жағдайында бұл бастама еліміздің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуде ерекше маңызға ие болып отыр.

Қазіргі уақытта техникалық-экономикалық негіздеме әзірленіп жатыр, технологиялық аудит, маркетингтік зерттеулер, LP-модельдеу және лицензиарды таңдау аяқталды. Күрделі шығынды азайту үшін жоба конфигурациясын оңтайландыру жүргізілуде.

Ақтөбе облысындағы «Өріктау» жобасы аясында кен орынды толық игеру үшін оны жайластыру жұмыстары жалғасуда. Құрал-жабдықтарды сатып алу процесі жүруде және құрылыс-монтаж жұмыстары басталды. Кен орнында өндірілетін шикі газ Жаңажол мұнай-газ өңдеу кешенінде өңделеді. Бұл кешеннің операторы – «CNPC-Ақтөбемұнайгаз» АҚ. Қор көлемі 29,4 млрд м³ болатын Орталық Өріктау кен орнының газ конденсатты бөлігі жылына 1 млрд м³ дейін газ өндірісін қамтамасыз етеді.

Бұл жобалар Мемлекет басшысының қолданыстағы мұнай өңдеу зауыттарын жаңғырту, өңдеу кәсіпорындарының қуатын толығымен пайдалану және жаңа газ кен орындарын жедел игеру жөніндегі тапсырмаларын орындау аясында жүзеге асырылуда.

Сонымен қатар бірлескен кәсіпорын – «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-ның (ММГ) қызметі талқыланды. Биылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша компания 3 млн 12 мың тонна мұнай өндірді. Қазіргі уақытта ММГ жиынтық ресурстық базаны молайту және 20 млн тоннадан аса геологиялық қоры бар спутниктік кен орындарды игеру бойынша жұмыс жүргізуде.

 Қызылорда облысындағы ескі кен орындар қорының табиғи сарқылуын ескере отырып, ресурстық базаны толықтыру және жаңа технологияларды енгізу арқылы мұнай өндіру деңгейін ұлғайту шаралары қаралды. ҚМГ Қазгермұнай мен ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз активтерін барлау және қосымша барлау бойынша кешенді бағалау жүргізді. Бұл кен орындардың негізгі әлеуеті жергілікті құрылымдар мен жер қойнауындағы бұрын анықталмаған қорларды қосымша барлаумен байланысты болып отыр. Өз кезегінде ҚМГ басшысы CNPC-мен бірлесіп, геологиялық барлау жұмыстарының ортақ стратегиясын бекітіп, басым жобаларды айқындауды ұсынды.

 Бұдан бөлек, Қазақстан-Қытай мұнай құбырларын кеңейту перспективасы қарастырылды. Қытай тарапы қажетті корпоративтік рәсімдерді аяқтады. ҚМГ мен CNPC техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеуге кірісіп жатыр. Кеңқияқ – Атырау мұнай құбырының өткізу қабілетін жылына 15 млн тоннаға дейін, ал Кеңқияқ – Құмкөл мұнай құбырының өткізу қабілетін 20 млн тоннаға дейін ұлғайту жоспарланып отыр.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ынтымақтастықтың барлық негізгі бағыттары бойынша жұмысты жандандыруға дайын екенін білдірді.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>