«ҚазМұнайГаздың «Жарқын болашақ» гранттық білім беру бағдарламасы — біздің балаларымыздың болашағына салынып жатқан үлкен капитал»
23.05.2024
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі Техникалық және кәсіптік білім департаменті директорының орынбасары Ақзира Қасымовамен сұхбат.
— Акзира Бактыбайқызы салеметсізбе, сұхбат беруге уақыт тапқаныңыз үшін алғыс білдіремін. Менің білуімше еліміздегі ұлттық компанияларының ішінде мектеп оқушыларына арналған жобалар жоқтың қасы, осы ретте өзіңіге қойылатын алғашқы сұрақ: еліміздегі ірі ұлттық компанияларының ішінде мектеп оқушыларына арналған қандай білім жобалары бар?
— Әрине, сұрағыңыз өте орынды, біздің балаларымыз үшін ұлттық компаниялардың арасындағы ерекше көңіл бөлінген осы үлкен Жобаны 2022 жылдан бастап «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының Басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиевтың бастамасымен Оқу-ағарту министрлігімен бірлесіп басталған болатын. Бұл жоба ҚазМұнайГаз компаниясының тікелей қаржыландыруымен жүргізілуде.
— Бұл Жоба қалай басталды?
Маңғыстау облысындағы балалардың білім деңгейінің көрсеткіші, оның ішінде 2018 жылғы Pisa халықаралық зерттеуінің қорытындысы бойынша Маңғыстау облысы соңғы үштікте болды, яғни білім сапасы төмен болғандықтан, оны көтеру мақсатында ҚазМұнайГаздың инциативасымен Оқу- ағарту министрлігімен бірлесіп Жаңаөзен қаласы мен Маңғыстау облысындағы балалардың білім деңгейін арттыру мақсатында басталған болатын.
«Жарқын болашақ» жобасы осыдан екі жыл бұрын басталды – алғашқы оқу жылында 227 бала, екінші 2023-2024 оқу жылында маңғыстаулық 449 балаға тікелей білім гранты беріліп, жалпы 676 бала еліміздің 11 өңіріндегі ең алдыңғы қатардағы 57 оқу орындарында білім алып жатыр. ҚазМұнайГаздың жобасы батыс өңірдегі біздің балаларымыздың сапалы білім алуына жасалып отырған зор мүмкіндігі деп білемін.
Балаларымыз еліміздің алдыңғы қатарлы колледждерінде — 466 бала колледжерде білім алып жатса, соның ішінде 163 бала техникалық мамандықтарда оқиды. Сонымен бірге басқа да салаларда: медицина саласында, гуманитарлық, бизнес, өнер және спорт бағыттары бойынша сапалы білім алуда. Сондай-ақ 208 оқушымыз осы жоба бойынша алдыңғы қатарлы орта білім ордаларында, соның ішінде ең үздік мектеп-интернаттарда — «IQanat High School of Burabay», Тараз қаласындағы дарынды балаларға арналған «125 High School Taraz» халықаралық мектебінде, Алматы қаласындағы Абай атындағы Республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын мектеп-интернатында және Республикалық физика-математика мектебінде білім алуда. Жалпы бұл жобаның біздің балаларымызға беретін мүмкіндігі мол деп есепетеймін.
— Жобада балаларға қандай жағдайлар жасалған, тек оқу ақысы ма, әлде басқадай қаржылық қолдау барма?
— Әрине, Жобада балаларға қолдау көрсету жан-жақты қамтылған, атап өтетін болсақ, «ҚазМұнайГаз» тарапынан бағдарлама аясында біріншіден, оқу ақысын қаржыландырады, одан бөлек жатақханада тұру ақысы, жол шығындары, тамақтану шығындарын сонымен бірге жоғарылатылған шәкіртақы да қарастырылып отыр. Бұл жердегі ерекшелігін айтып өтсек, жалпы колледждегі студенттер 32 мың теңге шәкіртақы алатын болса, мұндағы ҚазМұнайГаздың Жарқын болашақпен оқып жүрген балаларымыз жоғарылатылған — 57 мың теңге стипендия алып отыр. Мұның өзі балалар үшін жасалып отырған үлкен мүмкіндік деп ойлаймын.
— Жоба бойынша қандай аймақтар немесе қай өңір қамтылып отыр?
— Жалпы бір қуантарлығы бастапқы уақытта Жобаға тек Жаңаөзен қаласы таңдалып алынса, қазіргі таңда бұл жобаның ауқымы үлкейіп келеді. Яғни, «ҚазМұнайГаз» компаниясының өндірісі бар жерлерлер ғана емес, басқа да аудандар қамтылып отыр. 2023-2024 оқу жылында Жаңаөзен қаласымен бірге, мысалы Маңғыстау облысының Түпқараған, Маңғыстау және Қарақия аудандарының оқушылары қамтылса, ал биылғы оқу жылында Бейнеу және Мұнайлы аудандарының балалары да кіргелі отыр. Бұл — Жоба Маңғыстау облысын толығымен қамтып отыр десек те болады.
— Ия, білім беру Жобасы жан-жақты қарастырылғаны өте қуантарлық, дегенмен бұл балалар оқу бітірген соң қайтеді, жоба аясында білім берумен қатар әрі қарай қосымша әлеуметтік бағыттау немесе қолдау көрсету туралы не айтар едіңіз?
— Әрине ол сұрақ та қарастырылған, қазіргі таңда біздің министірлікпен бірге биылғы бітіретін балалардың, мысалы биыл колледждерді 36 студент бітіреді, осы түлектердің тізімі ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне арнайы беріліп, өңірлерде жұмысқа орналастыру мүмкіндіктері қарастырылып жатыр. Бірінші кезекте осы балалар оқуын бітірген соң жұмысқа орналастырумен қамтылатын болады. Сонымен бірге Жоба бойынша оқыған басқа да балаларға ЖОО-да әрі қарай оқу бойынша да қолдаулар көрсету қарастырылуда. Бұл жобаның ауқымдылығы соншама балаларды оқуға түскеннен бастап жұмысқа орналастырылғанға дейін, толығымен сүйемелдейді. Тұлғалық даму, психологиялық жағдайын, басқа ортада қалыптасуына жағдай жасау да толығымен қарастырылған, бұл шаралар да «ҚазМұнайГаз» компаниясының және Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен жүріп отыр.
— Осындай маңызды жоба ‒ алда өз жалғасын табады ма?
— Биылғы оқу жылына біз Министрлік «ҚазМұнайГаз» компаниясымен бірлесіп «Жарқын болашақ» жобасы бойынша қабылдау, іріктеу жұмыстары қалай жүргізіледі, қандай оқу орындары қалыптастырылады, осы сұрақтардың бәрін біз қазіргі уақытта анықтадық. Еліміздегі алдыңғы қатарлы, жоғары деңгейдегі мектеп-интернаттар және үздік техникалық және кәсіптік білім беретін ұйымдарын қарастырдық. Соның ішінде техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары арасынан 50 оқу орны анықталды. Балаларды қабылдау ү.ж. 10 маусымнан бастап жүргізілетін болады.
— Жобаның алдына қойған мақсаты орындалуда деп айтуға болады ма?
— Әрине, Жобаның ауқымы үлкеюде, білім берудегі алдына қойған мақсаты да орындалуда.
Бір қуантарлығы, жақсы оқитын үздік балалармен бір ортада жүрген батыс өңірден келген балалардың білім деңгейі де айтарлықтай көтеріліп келеді және халықаралық, республикалық конкурстарда жүлделі орындарға ие болуы — Жобаның алдына қойған мақсатына жеткендігінің бірден-бір көрсеткіші деп есептеймін.
— Сұхбаттың түйіні ретінде не айтар едіңіз?
— Еліміздің келешегі — жастар деп айтатын болсақ, осы жастарды ертерек сүйемелдеп, жақсы білім орындарында оқытып, білім деңгейін арттыру өте маңызды. Осы мақсатта өскелең ұрпаққа сапалы білім алуға зор мүмкіндік туғызып отырған «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясына Министрлік тарапынан алғысымды білдіремін.
Менің ойымша Жобаның ауқымы да үлкейді, ата-аналардың қызығушылығы да оянып, былтыр 2 мыңдай бала жобаға тапсырып, соның ішінде 449 бала іріктеліп алынды. Жоба аясында 2 бала колледжі аяқтап та үлгеріп, Қарағанды локомотив жөндеу депосына жұмысқа орналастырылды. Бұл алдыңғы түлектердің жетістігі деп есептеймін.
«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының тікелей қаржыландыруымен, Министрлікпен бірге жүргізіліп жатқан жоба балардың болашағына дұрыс бағыт-бағдар, сапалы білім беріп, оң әсер ететініне нық сенімдімін.
Сонымен қатар басқа да ірі компаниялардың ҚазМұнайГаз сияқты басқа өңірлерідегі мектеп жасындағы біздің балаларға білім алуға атсалысып — оқушылардың білімін арттыруға қолдау көрсетсе деген ойымыз бар.
— Сұхбатыңызғы үлкен рахмет!