ҚМГ мен Жапонияның жетекші компаниялары ынтымақтастық перспективаларын талқылады
10.07.2026
Астана қаласында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Құрманғазы Есқазиев Жапонияның бизнес өкілдерімен кездесу өткізді. Делегацияны KEIDANREN (Жапонияның бизнес федерациясы) жанындағы Жапония – ТМД іскерлік ынтымақтастық комитетінің төрағасы, «Mitsui O.S.K.Lines Ltd» компаниясының директоры Такеши Хашимото басқарды.
Кездесуге Жапонияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ясумаса Ииджима, сондай-ақ «Shimizu Corporation», «Sojitz Corporation», «Toyota Tsusho Corporation», «Mizuho Bank, Ltd», «Mitsubishi Heavy Industries, Ltd», «MUFG Bank, Ltd», «Toyo Engineering Corporation», «Marubeni Corporation», «ITOCHU Corporation», «Sumitomo Corporation» және өзге де компаниялардың өкілдері қатысты.
Әңгімелесу барысында ҚМГ мен жапондық компаниялар арасында мұнай-газ өндіру, өңдеу және декарбонизация салаларындағы инвестициялық ынтымақтастық пен өзара іс-қимыл перспективалары талқыланды. Бұдан бөлек, Қазақстан мұнайын Жапонияға өзара тиімді талаптар негізінде жеткізу мүмкіндігі қарастырылды.
Кездесу соңында тараптар іскерлік байланысты одан әрі кеңейтуге дайын екенін растады.