ҚМГ өндірістік қауіпсіздікті жүйелі түрде күшейтуде
22.12.2025
Астанада «ҚазМұнайГаз» компаниялар тобының еңбекті қорғау және өндірістік қауіпсіздік мәселелеріне арналған HSE-2025 форумы өтті. Іс-шараға «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ басшылығы, ҚМГ-ның 30-дан астам еншілес компаниясының және «Самұрық-Қазына» АҚ өкілдері, сондай-ақ сала сарапшылары қатысты.
Форумға жиналғандар өндірісте жарақат алуды азайту, қауіпсіздік мәдениетін жақсарту мәселелерін талқылап, цифрлық шешімдерді енгізу бойынша тәжірибе алмасты.
Өз сөзінде Асхат Хасенов ҚазМұнайГаз өндірістік қауіпсіздікке ерекше назар аударатынын атап өтті. ҚМГ компаниялар тобында қауіп-қатерді азайтуға, оқиғалардың алдын алуға және еңбекті қорғау деңгейін арттыруға мүмкіндік беретін интеллектуалды жүйелер барынша енгізіліп келеді.
— Біздің басты міндетіміз — күні бұрын әрекет етуге тиіспіз. Барлығы процестерді сапалы жоспарлаудан басталады. Қауіпсіздік адамдар өндіріс орнына шықпай тұрып қамтамасыз етілуі керек. Осыған байланысты ҚМГ қауіп-қатерді азайтуға және «нөлдік жарақат алу» деңгейіне жетуге бағытталған шаралар кешенін іске асыруды жалғастыруда, — деді ҚМГ басшысы.
Цифрлық шешімдердің арасында қауіп төнген жағдайда бұзушылықтарды автоматты түрде анықтайтын, соның ішінде жарық немесе дыбыс белгілері бар TUMAR интеллектуалды жүйесі атап өтілді.
Сонымен қатар форум барысында өндірісте жарақат алудың себептері талданып, 2026 жылға арналған стратегиялық мақсаттар белгіленді, соның ішінде жазатайым оқиғаларды 30% азайту бар.
Өз кезегінде ҚМГ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Құрманғазы Есқазиев өндірістік бақылау жүйесінде желілік басшылардың рөлі басым екеніне тоқталды. Оның айтуынша, олар күнделікті өндірістік процестерді басқарып, қызметкерлермен тікелей байланыста болады. Тиісінше, бұл басшылар жазатайым оқиғалардың алдын алуда маңызды буын болып саналады.