ҚазМұнайГаз жемқорлыққа қарсы күрес жүйесін дамытуда
31.12.2025
ҚМГ ҚР СТ ISO 37001-2017 (ISO 37001:2016) стандарт талаптарына сәйкестігін растау үшін сыртқы аудиттің екі кезеңінен өтті. Оның қорытындысы бойынша компания оң нәтиже көрсетіп, парақорлықпен күрес менеджменті жүйесінің сәйкестігін растайтын сертификатқа ие болды.
Бұл жетістік – ұжымның ортақ еңбегінің жемісі әрі қызметкерлердің корпоративтік және этикалық қағидаларды дамытуға қосқан үлесінің көрінісі.
Компания жауапкершілік, ашықтық және бизнесті адал жүргізу мәдениетін нығайту бағыттарындағы жұмыстарды жалғастырып келеді.