ҚазМұнайГаз 2025 жылғы бірінші тоқсанда мұнай өңдеуді және жеңіл мұнай өнімдері өндірісін ұлғайтты
19.05.2025
Қазақстадық МӨЗ-де өңдеу көлемі 2,8%-ға ұлғайып, 3 млн 724 мың тоннаны құрады. Көрсеткіштің өсуі 2025 жылдың бірінші тоқсанында барлық қазақстандық МӨЗ-дегі өңдеу жұмыстарының үздіксіз жүргізілуімен байланысты.
Аталған кезеңде отандық мұнай өңдеу зауыттары 3 млн 393 мың тонна мұнай өнімдерін өндірді, бұл 2024 жылғы бірінші тоқсандағы көрсеткіштерден 2,7%-ға жоғары.
Негізгі жетістіктердің бірі жеңіл мұнай өндірісінің айтарлықтай өсуі болды: бензин өндірісі 21%-ға немесе 1 млн 314 мың тоннаға дейін өсті, ал дизель отыны өндірісі 7,4%-ға немесе 1 млн 131 мың тоннаға дейін артты (ҚМГ үлесіне).