Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

ҚМГ басшысы Үндістанның Қазақстандағы елшісімен мұнай-газ саласындағы ынтымақтастық перспективаларын талқылады

15.05.2026

Астанада «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов Үндістанның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Сайлас Тангалмен кездесті.

Тараптар энергетика саласындағы екіжақты өзара іс-қимылдың әлеуетін талқылады. Атап айтқанда, еліміздегі геологиялық барлау жобаларын іске асыруға Үндістанның бизнес құрылымдарының қатысу мәселелері қарастырылды.

Сонымен қатар кездесуде Қазақстан мұнайын Үндістанға жеткізуді кеңейту мүмкіндігі де сөз болды.

А.Хасенов атап өткендей, ҚМГ Үндістан компанияларымен серіктестікті дамытуға қызығушылық танытады, себебі бұл мемлекет әлем бойынша энергия ресурстарының ең ірі тұтынушыларының бірі.

Кездесу соңында тараптар негізгі бағыттар бойынша өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейтуге дайын екенін растады.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>