Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

Өзара ынтымақтастықты кеңейту: ҚМГ басшысы Түркияның энергетика министрімен кездесті

28.07.2025

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов Анкара қаласында Түркияның энергетика және табиғи ресурстар министрі Алпарслан Байрақтармен кездесу өткізді. 

Тараптар мұнай-газ саласындағы ынтымақтастық перспективалары жөнінде пікір алмасты. Кездесу барысында Қазақстанның экономикалық серіктестері арасында Түркияның орны ерекше екені атап айтылды. Осыған байланысты ҚМГ үшін басымдық берілетін бағыт — Түркияның энергетика саласындағы компанияларымен, соның ішінде мемлекеттік «Turkish Petroleum Corporation» (TPAO) компаниясымен өзара іс-қимылды кеңейту.

А.Хасеновтың айтуынша, еліміз мұнай-газ кешенінде Түркиямен ынтымақтастықты тереңдетуді — мемлекеттің энергетикалық қауіпсіздігін нығайту, халықаралық өзара байланысты кеңейту және инвестиция тарту үшін жаңа мүмкіндіктер жасау мақсатындағы ұзақ мерзімді стратегияның бөлігі ретінде қарастырады.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>