Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

ҚазМұнайГаз бен CITIC өзара ынтымақтастықты нығайтады

29.01.2024

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма Төрағасы Мағзұм Мырзағалиев Бейжің қаласында CITIC Resources Holdings Limited Басқарма Төрағасы, бас атқарушы директоры Хао Вэйбаомен кездесті.

Тараптар Ақтау битум зауытының («CASPI BITUM» БК» ЖШС) қуатын жылына 500 мың тоннадан 750 мың тоннаға дейін арттыру жобасының іске асу барысын талқылады. Еске сала кетсек, былтыр қазан айында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытайға ресми сапары кезінде ҚМГ мен CITIC Group жоба бойынша ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.

Қазіргі уақытта жоба дайындық үстінде. Бұл кездесуде Қытай тарапымен биыл жыл соңына дейін құрылыс жұмыстарын бастап, 2025 жылдың басында құрылысты аяқтау туралы келісімге қол жеткізілді.

ҚМГ басшысы «ҚазМұнайГаз» бұл жобаны табысты іске асыру үшін өткен аптада «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ-мен ішкі нарықты жол битумымен қамтамасыз ету жөнінде келісім қабылдағанын хабарлады.

«Қазақстан CITIC Group-пен 15 жылдан астам ынтымақтасып келеді. Біз бұл компанияның еліміздің мұнай-газ өнеркәсібін дамытуға қосқан үлесін жоғары бағалаймыз. ҚМГ қытайлық әріптестермен мұнай өңдеу саласында өзара байланысты нығайту бағытын сақтайды», - деп атап өтті М.Мырзағалиев.

Анықтама үшін:

«CASPI BITUM» БК ЖШС үлескерлері – ҚМГ (50%) және «CITIC Kazakhstan» ЖШС (50%). Кәсіпорын Ақтау қаласында орналасқан. Мұнай шикізаты «Қаражанбасмұнай» АҚ кен орындарынан жеткізіледі.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>