Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

М. Мырзағалиев CITIC Group басшылығымен кездесті

18.04.2024

Бүгін «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев CITIC Resources Holdings Limited вице-президенті Ван Синьлимен кездесті.

Кездесу барысында мұнай өндіру және өңдеу саласындағы бірлескен бастамаларды іске асыру мәселелері талқыланды. Атап айтқанда, Ақтау битум зауытының («CASPI BITUM» БК» ЖШС) қуатын жылына 500 мың тоннадан 750 мың тоннаға дейін арттыру жобасының қазіргі жағдайы қарастырылды.

Еске сала кетейік, ҚМГ мен CITIC Group арасында бұл жоба жөніндегі ынтымақтастық туралы келісімге былтыр қазан айында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытайға ресми сапары барысында қол қойылған болатын. Биыл қаңтарда Бейжің қаласында екі компания басшылығы келіссөз жүргізіп, нәтижесінде жобаны іске асыру жоспарын қабылдады. Қазіргі уақытта тараптар PC келісімшартына қол қою үшін дайындық корпоративтік рәсімдерін аяқтап қалды. PC келісімшартының түпкілікті құны мемлекеттік сараптаманың қорытындысына сай белгілі болады.

Сонымен қатар бүгінгі кездесуде «Қаражанбасмұнай» АҚ (ҚБМ) (қатысу үлесі: ҚМГ - 50%, CITIC - 50%) қызметінің аспектілері қаралды. Кен орнында қабат суын тұщыту зауытын тез арада іске қосу мәселесі талқыланды. Қазіргі кезде бұл өндірістік нысан сынақ режимінде жұмыс істеп тұр.

Бұдан бөлек, ҚБМ-да энергетикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін газ поршенді, жел және күн электр станциясын салу перспективасы тақырыбы қозғалды.

«CITIC Group-пен өзара тиімді ынтымақтастықты нығайтуға мүдделіміз. Қытай серіктестері Қазақстанның мұнай-газ өнеркәсібінің дамуына елеулі үлес қосып келеді. Бүгінгі таңда мұнай өндіру мен өңдеу саласындағы ортақ жобаларды табысты іске асыру үшін компанияларымыз тарапынан барлық қажетті жағдай жасалған», - деп атап өтті М.Мырзағалиев.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>