Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиевтің Халықаралық еріктілер күнімен құттықтауы

05.12.2023

Құрметті әріптестер!

Баршаңызды Халықаралық еріктілер күнімен  құттықтаймын!

Ерікті болу — ерлікпен тепе-тең. Еріктілікке әрбір адам жан қалауымен келеді. Олар өздерінің кең пейілімен, жүрек жылуымен және өз еркімен бос уақыттарын қоғамның игілігі үшін жұмсайтын жандар. Еріктілердің атқарып жатқан қайырымдылық жұмысын кез келген сала мен бағыттан көруге болады. Жыл өткен сайын еріктілерге ерекше көзқарас қалыптасуда. Өз еркімен қоршаған ортаға, қоғамға, адамдарға пайдасын тигізуді көздейтін еріктілердің қатары жыл санап артып келеді.

Биыл ҚазМұнайгаз компаниялары тобында да біздің корпоративтік KMG­­­_volunteers тобы өз жұмысын бастап, небәрі бірнеше айдың ішінде көптеген игі істер атқарды.

KMG­­­_volunteers тобына — шынайы отансүйгіш қасиеттеріңіз, белсенді азаматтық ұстанымдарыңыз үшін шексіз құрметімді білдіремін.

Ерікті болу — мақтаныш, сонымен қатар өте жауапты іс.

Сіздерді еліміздің ең үздік еріктілерінің қатарынан көретініме сенімдімін және әрқашанда қолдау көрсетемін.

Құрметті еріктілер! Сіздерді мақтан тұтамыз және бастаған әрбір қадамдарыңызға, істеріңізге сәттілік пен табыс тілеймін!

Ізгі ниетпен, 

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы М.Мырзағалиев

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>