Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

ҚазМұнайГаздың еріктілері «Жыл волонтері» халықаралық сыйлығының жеңімпазы атанды

11.12.2024

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (ҚМГ) еріктілері «Жыл волонтері» халықаралық сыйлығының «Эко-қорғаушы» номинациясында жеңімпаз атанды. Салтанатты марапаттау «Жыл волонтері — 2024» Халықаралық сыйлығының аясында өтті. «KMG-Volunteer» командасы әртүрлі бағыттарда жұмыс істейді — экология, білім беру және қайырымдылық.

Біздің еріктілер су тасқынынан зардап шеккендерге үлкен көмек көрсетті. Атырау және Солтүстік Қазақстан облыстарының табиғи апаттан зардап шеккен отбасылары үшін қажетті жабдықтар және гуманитарлық көмек жіберді.

Сонымен қатар ҚМГ еріктілері «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясын іске асыруға өз үлестерін қосуды жалғастыруда, балалар үйлерінің тәрбиеленушілеріне кәсіптік бағдар беру, құқықтық сауаттылық пен ақпараттық технологиялар бойынша дәрістер өткізеді және қарт адамдарға көмектеседі.

Бұл марапат «KMG-Volunteer» тобының Қазақстандағы еріктілер қозғалысын дамытуға қосқан үлесін айғақтайды. Біз өз командамызды мақтан тұтамыз және еңбектері үшін әрбір еріктіге алғыс білдіреміз!

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>