Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

ҚМГ мен ДЭФ ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады

22.06.2026

Астанада «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (ҚМГ) Басқарма төрағасы Асхат Хасенов Дүниежүзілік экономикалық форумның (ДЭФ) өкілдері – Атқарушы комитетінің мүшесі, жаһандық серіктестер мен өңірлік бизнесті дамыту дивизионының басшысы Александр Раффул және Еуропа мен Еуразиядағы серіктестерді дамыту дивизионының басшысы Марвин Гарбаамен кездесті.

Қазіргі уақытта бизнес, мемлекеттік құрылымдар, үкіметтік емес ұйымдар мен азаматтық қоғам арасында диалог жүргізудің ең беделді әрі танымал халықаралық алаңдардың бірі болып саналатын ДЭФ қызметі туралы ақпарат ұсынылды.

А.Хасенов атап өткендей, ҚМГ әлемдік нарықтағы қазіргі жағдайды ескере отырып, мұнай-газ саласындағы ұлттық оператор ретінде берік және сенімді көпжақты байланыстарды дамытуға мүдделі, соның ішінде ДЭФ сияқты жаһандық институттар бар.

Кездесу соңында тараптар негізгі бағыттар бойынша өзара іс-қимылды кеңейтуге дайын екенін білдірді.

Анықтама:
Дүниежүзілік экономикалық форум (ДЭФ) 1971 жылы құрылған, штаб-пәтері Женева қаласында орналасқан. Форумға 50-ден астам мемлекет пен 1000-ға жуық ірі компания мен ұйымдар мүше. ДЭФ мақсаты — экономикалық даму мәселелерін шешу үшін әлемдік қоғамдастыққа жәрдемдесу және халықаралық сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту.
«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>