Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

Мағзұм Мырзағалиев Мәскеуде компания серіктестерімен бірқатар кездесу өткізді

24.07.2023

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма Төрағасы Мағзұм Мырзағалиев 24 шілдеде Мәскеуге жұмыс сапарымен барып, ресейлік серіктестермен бірқатар кездесу өткізді.

ҚМГ басшысы «Транснефть» ЖАҚ президенті Николай Токаревпен өткен кездесуде Қазақстан мұнайы «Транснефть» және «Каспий құбыр желісі консорциумы» (КҚК) мұнай құбыры жүйелері арқылы тұрақты тасымалданып жатқанын атап өтті. Ол, сондай-ақ, Қазақстанның энергетика ресурстарын «Дружба» мұнай құбыры арқылы жеткізу жөніндегі келісімдердің маңызын баса айтты.

Одан бөлек, Мағзұм Мырзағалиев «Лукойл» компаниясының бас атқарушы директоры Вадим Воробьевпен кездесті. Тараптар ортақ жобаларды, атап айтқанда, «Әл-Фараби» және «Қаламқас-теңіз/Хазар» жобалары бойынша ынтымақтастықты нығайту мәселесін талқылап, осы бағытта жүргізіліп жатқан екіжақты өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыруға ерекше тоқталды.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>