Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

ҚМГ Каспий өңірінде метан шығарындыларын азайту саласындағы позициясын нығайтуда

24.04.2026

Астанада өтіп жатқан Өңірлік экологиялық саммит (RES 2026) алаңында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (ҚМГ) өкілдері климаттық стратегияны іске асыру бағытында бірқатар кездесу өткізді.

ҚМГ үшінші жыл қатарынан Oil and Gas Methane Partnership (OGMP 2.0) бастамасы аясында метан шығарындыларын мониторингілеу мен есепке алудың халықаралық стандарттарын енгізіп келеді.

Дөңгелек үстел барысында ҚМГ-ның Декарбонизация және экология басқармасының басшысы Ұлжан Ахметова ұлттық компания жұмысының нәтижелері туралы айтты. 2017 жылы газды факелде жағу көлемі 300 млн текше метрден асқан болса, 2025 жылдың қорытындысы бойынша ол 39 млн текше метрге дейін төмендеді. Бұл көрсеткіштің 86% азайғанын көрсетеді. Сонымен қатар авиациялық мониторингті қоса алғанда, бірқатар өлшеу жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде ҚМГ-ның кейбір активтері OGMP 2.0. стандарты бойынша есептіліктің жоғары деңгейіне жетті (4 және 5).

Әзербайжандық SOCAR компаниясының өкілдерімен болған кездесуде тараптар парниктік газдар шығарындыларын азайту саласында тәжірибе алмасу жоспарларын, сондай-ақ декарбонизация бойынша бірлескен жобаларды іске асыру перспективаларын талқылады. Сондай-ақ Boston Consulting Group «үлкен үштік» халықаралық консалтингтік тобының, БҰҰ-ның Қоршаған орта жөніндегі бағдарламасының (ЮНЕП) және Clean Air Task Force (CATF) сарапшыларымен жұмыс кездесулер өтті. Тараптар шығарындыларды басқару, ауаны ластауды азайту және осы саладағы озық халықаралық тәжірибелер мен технологиялық шешімдерді енгізу мәселелерін қарады.

Ұ.Ахметова Метан шығарындыларын азайту жөніндегі Каспий акселераторының маңыздылығын атап өтті. Бұл платформа ҚМГ, SOCAR және Өзбекнефтегазды біріктіріп, тәжірибе алмасуға, сонымен бірге «жасыл» жобаларға инвестицияларды бірлесіп тартуға мүмкіндік береді.

Жалпы, ҚазМұнайГаз инновациялық шешімдерді енгізуді кеңейтуді және инфрақұрылымды жаңғыртуға инвестиция салуды жалғастыруды көздейді. Сонымен қатар компания халықаралық ұйымдармен серіктестікті тереңдетіп, Қазақстанда шығарындыларды ұзақ мерзімде азайтуға және энергетика саласын экологиялық тұрғыдан тиімді дамытуға берік негіз қалыптастыруға ниетті.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>