Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

ҚМГ басшысы Маңғыстау облысындағы әлеуметтік және өндірістік нысандардың құрылысымен танысты

23.03.2025

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (ҚМГ) Басқарма төрағасы Асхат Хасенов Маңғыстау облысына жұмыс сапары кезінде өңір үшін стратегиялық маңызы бар жоба — Жаңаөзендегі жаңа газ өңдеу зауытының (ГӨЗ) құрылыс алаңына барды. Мұнда Алғашқы іске қосу кешені аясындағы негізгі қосалқы станция трансформаторларына іргетас құрылысын қамтитын құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Шұңқырды қазу жұмыстары аяқталды, іргетас негіздерін салу, сондай-ақ автотұрақты жерге тұйықтау үшін шұңқырды қазу жұмыстары жүргізілуде.

Сондай-ақ А.Хасенов ҚазМұнайГаз және италиялық Eni энергетикалық компаниясы бірлесіп салып жатқан қуаты 247 МВт болатын гибридті электр станциясының құрылысымен танысты. Қазіргі уақытта қуаттылығы 50 МВт болатын күн электр станциясын салу жұмыстары жүргізілуде: алаңға кезең-кезеңімен қажетті жабдықтар жеткізілуде. Газ электр станциясының (120 МВт) құрылысы бойынша бұрынғы жұмыстар аяқталды және сыртқы инженерлік желілердің жобалық-сметалық құжаттарын әзірлеу жүзеге асырылуда. Күн электр станциясы құрылысын аяқтау 2025 жылдың III тоқсанына, ал газ және жел электр станциясын іске қосу 2026 жылға жоспарланған.

Өңірге жұмыс сапары аясында ҚМГ басшысы мұнай өнеркәсіп жабдықтары мен арнайы техникаларға сервистік қызмет көрсету мен жөндеуге маманданған «Өзенмұнайсервис» ЖШС өндірістік қызмет көрсету базасы» объектісінің құрылыс жұмыстарын көрді. Құрылыстың негізгі кезеңдері аяқталды. Аумақты абаттандыру және технологиялық жабдықты монтаждау сынды жұмыстар жасалуда.

Дәл осы күні А.Хасенов «Өзенмұнайгаздың» қаражатына салынып жатқан оқушыларға арналған «Bolashaq Sarayi» құрылысымен танысты. Бұл кешен жаңаөзендік оқушылардың жан-жақты дамуына ықпал ететін орталыққа айналады. Ауданы 3 мың шаршы метрді құрайтын кешен балалардың оқуы мен шығармашылық дамуына заманауи мүмкіндіктер ашады. Сарай құрылысы қарқынды жүріп жатыр, атап айтқанда жер жұмыстары, шұңқыр қазу, 1-қабаттың іргетасы мен бетон қаңқасын салу жұмыстары аяқталды. 1-қабаттың едендерін салу және 2-қабаттың құрылымдарына арналған қалыптарды орнату жұмыстары басталды. Бұдан бөлек ҚМГ басшысы 2022 жылдың маусым айында пайдалануға берілген көпсалалы қалалық ауруханада болды. Бұл нысан да ӨМГ қаражатына салынған. 415 орындық заманауи медициналық мекеме қала мен оған жақын аудандардың тұрғындарына кең ауқымды қызметтер көрсетеді. Аурухана ең күрделі диагностикалық және емдік процедураларды жүргізуге мүмкіндік беретін озық жабдықтармен жабдықталған. Мекемеде 637 жоғары білікті қызметкер, оның ішінде 297 дәрігер мен медбике тәулік бойы жоспарлы және шұғыл көмектер көрсетуде.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>