Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

ҚМГ-ның ауқымды геологиялық барлау бағдарламасы жетекші геолог-сарапшылардың қатысуымен талқыланды

17.04.2026

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-да 2026-2030 жылдарға арналған геологиялық барлау жұмыстары бағдарламасы бойынша кеңейтілген геологиялық-техникалық жиналыс өтті. Ресурстық базаны толықтыру жөніндегі жоспарларды талқылауға компания басшылығы, жетекші сарапшылар және еліміздің мұнай-газ саласының еңбек сіңірген қайраткерлері - Ұзақбай Қарабалин, Герой Жолтаев, Базар Есқожа, Хайырлы Әбілқасымов қатысты.

Жүргізілген өңірлік зерттеулердің және тарихи геологиялық-геофизикалық ауқымды мәліметтерді талдаудың нәтижелері бойынша ҚМГ 23 жобадан тұратын портфель қалыптастырды. Түрлі даму сатысындағы жобалардың жиынтық геологиялық ресурстар әлеуеті 65 млрд тоннаға дейінгі шартты отынды құрайды.

 Аталмыш жобалар бойынша бағдарлама аясында 6250 км көлемінде 2D сейсмикалық барлау және 2540 шаршы км болатын 3D сейсмикалық барлау, 22 мың нүкте көлемінде геохимиялық түсірілім, 26 барлау ұңғымасын бұрғылау, сондай-ақ Каспий маңы бассейнінің тұзасты шөгінділерін зерттеу үшін 60 мың км көлемінде ауқымды өңірлік 2D сейсмикалық барлау жүргізу жұмыстары жоспарлануда.

Жиын барысында қатысушылар жаңа аумақтарда және үлкен тереңдіктерде көмірсутек іздеуге көшу – бұл елімізде геологиялық барлау саласын дамытудың объективті түрде қажетті әрі мәжбүрлі кезеңі екенін атап өтті. Ескі кен орындардың табиғи жолмен сарқылуы аясында ауқымды геологиялық барлау жұмыстарын іске асыру – республикамыздың энергетикалық тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін өзекті болып отыр.

Сарапшылар жоспарланған жұмыстар, атап айтқанда, жобаланған сейсмикалық барлаудың орналасуы, сейсмикалық деректерді өңдеу мен түсіндіру тәсілдері, оның ішінде жасанды интеллектіні қолдану, сондай-ақ күрделі терең ұңғымаларды бұрғылау мен сынау әдістеріне қатысты өз ұсыныстарын ортаға салды.

Жалпы, ҚМГ-ның геологиялық барлау бағытындағы жоспарларын мұнай-газ секторының сарапшылары мен ардагерлері қолдап, салалық тәжірибе мен озық технологиялық шешімдердің ұштасуының маңыздылығын атап өтті.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>