Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

ҚазМұнайГаз және Өзбекнефтегаз өзара ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын талқылады

03.10.2025

Астанада «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (ҚМГ) Басқарма төрағасы Асхат Хасеновтің «Өзбекнефтегаз» АҚ (ӨНГ) Басқарма төрағасы Баходиржон Сидиковпен кездесуі өтті.

Тараптар геологиялық барлау саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Қазіргі уақытта Қазақстан мен Өзбекстандағы перспективті геологиялық учаскелерде ықтимал жобаларды қарастыратын бірлескен жұмыс тобы өз қызметін жүргізуде. ҚМГ «DataRoom» — бірыңғай ақпарат кеңістігін құрды, онда ӨНГ мамандары барлау жобалары бойынша геологиялық-техникалық деректерді зерделеуде. 

Мұнай-газ өңдеу мен мұнай химиясы саласындағы өзара ықпалдастық туралы айта келе, тараптар желілік алкилбензол (ЛАБ) өндірісін құру мәселелерін қарастырды. Бұл жобаны бірлесіп іске асыру өңірлік нарықты әртараптандыруға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар кездесуде ҚазМұнайГаз, SOCAR, Татнефть және Өзбекнефтегаз арасында жасалған Цифрландыру және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы төртжақты меморандумды орындау барысы да талқыланды. Атап айтқанда, ҚМГ мен ӨНГ компаниялары IT және жасанды интеллект саласында тәжірибе алмасуда.

Өзбек компаниясының мамандары жақында Атырау қаласында орналасқан KPI кәсіпорнына барып, ондағы цифрлық шешімдермен, соның ішінде роботтандырылған қойма кешені мен қауіпсіздік талаптарын қамтамасыз етуге бағытталған Computer vision жүйесімен танысты. Сонымен қатар ӨНГ делегациясы Атырау мұнай өңдеу зауытында болып, оларға компьютерлік тренажер кешендері, өндірістік процестер мен қондырғыларды басқару жүйелері ұсынылды.

— ҚазМұнайГаз бен Өзбекнефтегаз компаниялары ынтымақтастығының нығаюы — бұл біздің тұрақты дамуға, технологиялық прогреске және негізгі салалардағы күш-жігерді біріктіруге бағытталған ортақ ұстанымымызды көрсетеді. Бірлескен жобалар екі ел арасындағы ұзақ мерзімді серіктестіктің берік негізі болатынына сенімдіміз, — деді А.Хасенов.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>