Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

ҚазМұнайГаз және Өзбекнефтегаз желілік алкилбензол өндіру жөніндегі жобаны жүзеге асыру туралы негіздемелік келісімге қол қойды

15.11.2025

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Өзбекстанға мемлекеттік сапары аясында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ мен «Өзбекнефтегаз» АҚ арасында «Желілік алкилбензол өндіретін мұнай-газ химиясы кешенінің құрылысы» (ЖАБ) жобасын бірлесіп жүзеге асыру туралы негіздемелік келісімге қол қою рәсімі өтті.

Құжат тараптардың инвестициялық жобаны жүзеге асыруды бірлесіп зерттеуге қатысты уағдаластықтарын бекітті. Қол қойылған келісім жобалау кезеңін бастап, барлық қажетті есептеулерді жүргізуге мүмкіндік береді.

Мұнай-газ химиясы кешені болжам бойынша жылына 50 мың тоннаға дейін өнім шығаратын болады. Желілік алкилбензол — тұрмыстық химия және синтетикалық жуғыш заттар өндірісіне қажетті негізгі шикізат.

Тараптар түпкілікті инвестициялық шешімді жобалау жұмыстары аяқталған соң, оның қорытындысы бойынша қабылдайды.

Жалпы, Негіздемелік келісім Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы өнеркәсіптік кооперацияны кеңейту үшін маңызды қадам болды. Сондай-ақ мұнай-газ химиясы саласындағы серіктестіктің стратегиялық бағытын айқындайды.

Жобаны іске асыру Қазақстан мен Өзбекстанның ішкі нарық қажетін қамтамасыз етеді, химия өнеркәсібі үшін шикізат импортына тәуелділікті азайтады және өңдеу секторы мен тұрмыстық химия саласындағы жаңа өндірістердің дамуын ынталандырады.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>