Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

ҚМГ 2023 жылғы Орнықты даму туралы есебін жариялады

30.05.2024

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ жыл сайын Орнықты даму туралы есебін жариялайды, ол Компанияның Біріккен Ұлттар Ұйымының Жаһандық шарты шеңберіндегі прогрессі және Компанияның Жаһандық орнықты даму мақсаттарына қол жеткізудегі ілгерілеуі туралы хабарламасы болып табылады.

Ағымдағы жылы мамырда ҚМГ Директорлар кеңесі 2023 жылғы Орнықты даму туралы верификацияланған есепті бекітті. Есеп GRI Standards 2021 орнықты даму саласындағы есептілік бойынша жаңартылған халықаралық стандарттарға сәйкес дайындалды және аудиторлық компанияның тәуелсіз растау рәсімінен өтті.

Экологиялық жауапкершілік, әлеуметтік қолдау және корпоративтік мінез-құлықты тиімді басқару - ESG аспектілері ҚМГ тұрақты бизнес-моделінің негізін құрайды. Қазіргі әлемде ESG-көрсеткіштері компаниялардың барлық салалардағы жетістігі үшін барған сайын сыни бола түсуде.

 «ESG-КОД» Есебінің тұжырымдамасы ESG-қағидаттарын тек сыртқы талаптар жиынтығы ретінде емес, Компанияның ДНҚ-ның негізгі бөлігі ретінде білдіре отырып, осы жаңа шындықты көрсетеді.

Есеп 2021 жылдан 2023 жылға дейінгі кезеңдегі экономикалық, экологиялық және әлеуметтік нәтижеліліктің негізгі көрсеткіштерін ашады, орнықты дамудың маңызды аспектілері бойынша қызмет туралы ақпаратты қамтиды: атмосфералық ауаны және су ресурстарын қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғау, қоршаған ортаны қорғау, персоналды дамыту, сондай-ақ жергілікті қоғамдастықтармен өзара іс-қимыл.

Мүдделі тараптардың мүдделерін есепке алу маңыздылығын түсіне отырып, біз жыл сайын Есепке кері байланысты жинауды жүргіземіз. Бұл практика бізге Есептің мазмұны мен толықтығын жақсартуға, сондай-ақ жұмыскерлер мен басқа да мүдделі тараптардың Компанияның орнықты дамуы мәселелері бойынша хабардарлығын арттыруға көмектеседі.

Орнықты даму туралы есеппен және Жылдық есеппен келесі сілтеме бойынша танысуға болады: https://www.kmg.kz/ru/investors/reporting/

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>